Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл
жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы
N 119 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Берекетов Б.М. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрiнiң орынбасары-Комиссия мүшесi;
Мәдиев Б.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң басқарма бастығы - Комиссия
мүшесi;
Тәбиев Б.Б. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрлiгi қорғаныс өнеркәсiбi
департаментi директорының орынбасары -
Комиссия мүшесi;
Комиссияның құрамынан Э.К.Өтепов, В.Р.Айдаров, В.Г.Сапсай
шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 20 қыркүйектегi N 1271
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
