1. Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi Ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн. <*>
Қазақстан Республикасы Ғылым министрi-Ғылым академиясының президентi тағайындайтын бас директор басқаратын бас дирекция Ұлттық орталыққа басшылық етедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен. P961668_
2. Ұлттық орталыққа:
радиоэлектроника мен байланыс саласында iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және оларды үйлестiру;
радиоэлектроника мен байланысты дамытудың мемлекеттiк басымдықтары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
радиоэлектроника мен байланысты дамытудың басым бағыттары бойынша республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу;
радиоэлектроника өнеркәсiбiне арналған материалдар мен элементтiк база өндiрiсiнiң технологияларын әзiрлеу және игеру;
ғылымға сүйенетiн әрi импортты алмастыратын өндiрiстер құру;
бәсекелесе алатын өнiмдер өндiрудi әзiрлеу және ұйымдастыру есебiнен республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру;
республиканың әскери-өнеркәсiп кешенiнiң жаңа технологияларын радиоэлектроника өнеркәсiбiмен сабақтастыруды қамтамасыз ету;
радиоэлектроника мен байланыс саласында ғылыми және ғылыми-техникалық кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру iсiн ұйымдастыру;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Алматыдағы "Гранит" өндiрiстiк-техникалық кәсiпорны негiзiнде Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Радиоэлектроникалық ғылыми-зерттеу институтын және тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро құру туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты қызметiнiң негiзгi бағыттары:
радиоэлектроника саласында iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу;
радиоэлектрониканы дамытудың басым бағыттары бойынша республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысу;
энергия мен ресурстар үнемдеушi және экологиялық таза технологиялар, радиоэлектроника өнiмдерiнiң ғылымға сүйенетiн әрi импортты алмастырушы өндiрiстерiн құрып, игеру мақсатында зерттеулер жүргiзу деп белгiленсiн.
5. Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюро қызметiнiң негiзгi бағыттары:
радиоэлектроника техникасы мен байланыс құралдарын жасау жөнiнде
тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
республиканың халық шаруашылығына қажеттi радиоэлектроника
құрылғыларының жаңа түрлерiн әзiрлеп, оларды шығаруды игеру;
бәсекелесе алатын радиоэлектроника аппараттарын әзiрлеу
есебiнен республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру деп анықталсын.
6. Ұлттық орталықтың құрамына заңды ұйымдар құқықтарымен:
радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты;
тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық
бюро;
"Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының "Алатау" өндiрiс
бiрлестiгi енгiзiлсiн.
(7-тармақ)
<*>
(8-тармақ)
<*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.06.20. N 1002
қаулысымен.
P971002_
9. Ұлттық орталық пен арнаулы конструкторлық-технологиялық бюроның бас дирекциясының орналасатын жерi Алматы қаласында, радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институтының орналасатын жерi - Приозерск қаласында белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен. P961668_
10. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi екi апталық мерзiмде Алматыдағы "Гранит" өндiрiстiк-техникалық кәсiпорынының негiзгi қорларын, айналмалы құрал-жабдығын, материалдық ресурстарын, штат санын Радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы конструкторлық-технологиялық бюроға бөлiп берсiн.
11. Ұлттық орталықты қаржыландыру мемлекеттiк бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң кредиттерi,орталықтың қызметiне мүдделi бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржысынан, сондай-ақ өз әзiрлемелерiн сатудан алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Радиоэлектроника
ғылыми-зерттеу институты мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы
конструкторлық-технологиялық бюроның қызметi шаруашылық есеп және
өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде жүзеге асырылады.
12.
<*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
N 1668 қаулысымен.
(13-тармақ)
<*>
.
Ескерту. 13-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 23.12.1994 ж.
N 1451 қаулысымен.
P941451_
14. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының
Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы туралы
Ереженi бекiтсiн.
(15-тармақ)
<*>
Ескерту. Осы қаулының 7, 15 тармақтарының күшi жойылды деп
танылсын (ҚРМК 28 сәуiр 1994 ж. N 446 қаулысы) және
1996.10.02. N 1208 қаулысымен.
P961208_
,
Р940446_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
