Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне кері ауыстыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидалары";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасында орналасқан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кәріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін;";
мынадай редакциядағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды көздейтін және стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экологиялық туризм саласындағы ұлттық стандартқа сай келетін туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді. Бұл ретте осы жерлерді пайдалану Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес те жүзеге асырылуға тиіс.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |