Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 900 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 900 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысында:

      1-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын.

      2. "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі болып табылатынын хабарласын.".

      3. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 820 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      4. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "құзыретті органдар – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      5. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 722 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі Келісімді іске асыру бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      6. "Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура органдарына қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшерін айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокуратура органдарына қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшері 40532 теңге сомасында айқындалсын.".

      7. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59

Қылмыстық процеске ақпараттық және цифрлық технологияларды ендіру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2024 жылғы қараша
2026 жылғы қараша
2028 жылғы қараша
2030 жылғы қараша

БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

      ";

      реттік нөмірлері 61 және 62-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61

"Жасанды интеллект" ұғымын, оның ішінде оны пайдалану тәртібін, саласы мен аясын, мәртебесі мен құқықтық салдарын тұжырымдап, кейіннен оны қылмыстық мақсаттарда қолданғаны үшін жауаптылықты көздейтін құқық бұзушылықтың жеке құрамын енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат   Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2025 жылғы желтоқсан
2026 жылғы желтоқсан

ЖИЦДМ, БП (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

62

Тәуелсіз сүзгілер есебінен тежемелік пен тепе-теңдіктің тиімді жүйесін айқындай отырып, қылмыстық процестің негізгі кезеңдерін және әрбір органның ондағы жауаптылық аясының аражігін ажырату тәсілдерін енгізу және бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыру шараларын тұжырымдап, прокурордың қылмыстық істер бойынша түйінді процестік шешімдер қабылдау тетігін кезең-кезеңімен енгізу нәтижелерін талдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2026 жылғы қараша

БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады