"Жасыл даму" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 647 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 83-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына, 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы оған "Greens development" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады