Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 604 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-т. қараңыз.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар таратылсын.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Энергетика министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

      7. Осы қаулы:

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағын және 2-қосымшаның 2-тармағын, өзгерістердің 1-тармағының сегізінші абзацын, 2-тармағының сегізінші абзацын, 4-тармағының он бесінші абзацын, 7-тармағының бесінші, жетінші, он екінші, он бесінші абзацтарын;

      2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 4-тармағын, 2-қосымшаның 1-тармағын, 3-қосымшаны, өзгерістердің 1-тармағының төртінші, бесінші абзацтарын, 2-тармағының алтыншы, он екінші абзацтарын, 4-тармағының алтыншы, он жетінші абзацтарын, 6-тармағының бесінші абзацын, 7-тармағының төртінші, он төртінші абзацтарын, 9-тармағының төртінші абзацын, 10-тармағының төртінші абзацын;

      2028 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 1 және 11-тармақтарын, өзгерістердің 1-тармағының он үшінші абзацын, 2-тармағының оныншы абзацын, 4-тармағының төртінші, сегізінші, оныншы, он төртінші абзацтарын, 8-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 10 шілдедегі
№ 604 қаулысына
1-қосымша

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш техникасы және технологиялар институты" акционерлік қоғамы болып қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" акционерлік қоғамына қосылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылсын.

      7. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылсын.

      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылсын.

      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылсын.

      11. Осы тізбенің 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш техникасы және технологиялар институты" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қосылсын.

      ___________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 10 шілдедегі
№ 604 қаулысына
2-қосымша

Таратылатын заңды тұлғалардың тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Достық-Энерго" акционерлік қоғамы.

      ___________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 10 шілдедегі
№ 604 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 қаулысы.

      2. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      ___________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 10 шілдедегі
№ 604 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 21-129-жол алып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 21-190-жол алып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 21-190-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-190-1. "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ.";

      реттiк нөмiрi 21-195-жол алып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 21-195-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-195-1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      "Алматы қаласы" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 123-107-жол алып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 123-161-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 20-7-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 224-45-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 375-9-6-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 381-3-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрi 405-1-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттiк нөмiрi 2-жол алып тасталсын.

      4. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 68-1-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

      "

68-1

Жауапты құрылысжайларды позициялау және мониторингтеу жүйелеріне арналған жабдықтар шығару

26517

республикалық меншік /коммуналдық меншік

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы

5 (бес) жылдан аспайды

      ";

      реттік нөмірі 294-жолдың 5-бағанындағы 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 335-жолдың 5-бағанындағы 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 338-жолдың 5-бағанындағы 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 338-жолдың 5-бағанындағы 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 341-жолдың 5-бағанындағы 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 347-жолдың 5-бағанындағы 28) тармақша алып тасталсын;

      реттік нөмірі 393-жолдың 5-бағанындағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы;

      реттік нөмірі 396-жолдың 5-бағанындағы 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      11-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      18-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      4-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ алып тасталсын.

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:

      1-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      16) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:

      12) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақша алып тасталсын;

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде 2-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      2-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақта:

      12) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      5-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ алып тасталсын.

      8. "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      2-тармақтың "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлімінің 4) тармақшасы алып тасталсын.

      9. "WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы №76-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі кеңестің құрамында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).".

      10. "Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 4-ө өкімінде:

      Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссияның құрамында:

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).".

      ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады