Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 25 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасының нотасы
Жоғары мәртебелі,
Жоғары Мәртебелі Сіздің нотаңызды алғанымды растау құрметіне ие болып отырмын, бүгінгі күні онда былай делінген:
"Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Алушы) өкілдерінің арасында таяуда өткізілген талқылауға сүйене отырып, Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсыну құрметіне ие болып отырмын:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің (бұдан әрі – Алушы) Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдарының, ережелерінің және бюджетінің қаржы бөлу тәртібінің сақталуын ескере отырып, Алушыға ¥1,087,000,000 (бір миллиард сексен жеті миллион) жапон иені мөлшерінде грант (бұдан әрі – Грант) береді.
2. (1) Грантты және есептелген пайыздарды Алушы тиісті түрде және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті, екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында өзара келісілетін тізбеде санамаланған Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – тиісінше Тауарлар және Көрсетілген қызметтер) сатып алу, сондай-ақ Тауарлардың тиісті шығарушы елдерде өндірілуі, ал Көрсетілген қызметтерді тиісті шығарушы елдер азаматтарының ұсынуы шартымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті алымдарды төлеу үшін ғана пайдаланады.
| Жоғары мәртебелі, |
| ИИДЗИМА Ясусама мырза |
| Жапонияның Қазақстан Республикасындағы |
| Төтенше және Өкілетті Елшісі |
(2) (1) тармақшада аталған тізбе екі үкіметтің тиісті органдары арасында келісілгеннен кейін өзгертуге жатады.
(3) Жоғарыда (1) тармақшада аталған заңды шығарушы елдердің қамту аясы екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында келісілуі тиіс.
3. (1) Алушы осы Келісім күшіне енген күннен кейін екі ай ішінде Жапония банкінде Алушының атына иенмен әдеттегі депозиттік шот (бұдан әрі – Шот) ашады және оны ашқан күннен бастап он төрт күн ішінде Жапония Үкіметін Шот ашу рәсімінің аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
(2) Шоттың бірден-бір мақсаты Жапония Үкіметінің жапон иенімен осы Келісімде 4-тармақта аталған төлемді алуы, сондай-ақ Тауарларды және (немесе) Көрсетілген қызметтерді сатып алу үшін қажетті төлемдерді және екі үкіметтің тиісті органдарының арасында келісілуі мүмкін басқа да төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
4. Жапония Үкіметі Грантты осы Келісімнің 1-тармағында көрсетілген соманы Шотқа осы Келісімнің 3-тармағының (1) тармақшасында аталған жазбаша хабарламаны алған күн мен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезең ішінде жапон иенімен аудару арқылы береді. Бұл мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
5. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қолдануға тиіс:
(a) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ Грант берілген күннен бастап он екі ай ішінде, егер осы мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылмаса, әзір болу мақсатында осы Келісімнің 2-тармағының (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеуге Гранттың және есептелген пайыздардың Шоттан толық төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Бағдарлама аяқталғаннан кейін қалған соманы Жапония Үкіметіне өтеу;
(b) Алушының елінде Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ басқа да салық алымдарын төлеуден босатуды қамтамасыз ету;
(c) Грантты және есептелген пайыздарды пайдаланудың экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне тиісті көңіл бөлу;
(d) Грант пен есептелген пайыздар Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алу және осы Келісімнің 2-тармағының (1) тармақшасында көрсетілетін алымдарды төлеу үшін толық пайдаланылғанда Жапония Үкіметіне немесе Жапония Үкіметінің өтініші бойынша тиісті операцияларға қатысты шарттардың, ваучерлердің және басқа да құжаттардың көшірмелерімен бірге Шот бойынша операциялар туралы Жапония Үкіметі үшін қолайлы жазбаша нысанда дайындалған есепті дереу ұсыну;
(e) Тауарлардың және (немесе) Көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісінше қолдауды және оларды Бағдарламаны іске асыру үшін тиімді пайдалануды, сондай-ақ оларды әскери мақсаттарда қолдануға тыйым салуды қамтамасыз ету;
(f) Алушының өзін қоса алғанда, соңғы пайдаланушылардың Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануына кепілдік беру;
(g) Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу және учаскелерді тазарту;
(h) Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті электрмен жабдықтау, сумен қамту, су бұру және басқа да көмекші инфрақұрылым нысандарын қамтамасыз ету;
(i) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді ел аумағында уақтылы түсіру, кедендік ресімдеу және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(j) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты қызметтерді көрсетуі мүмкін Жапония азаматтарына және/(немесе) үшінші елдердің азаматтарына Қабылдаушы тарап еліне кіруі мен онда болуына қажетті барлық жағдайларды жасау;
(k) Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тұлғалардың Қабылдаушы тарап еліндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(l) Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті, бірақ Грант пен оған есептелген пайыздармен жабылмайтын барлық шығындарды өз мойнына алу;
(m) Бағдарлама аяқталғаннан кейін Жапония Үкіметіне қорытынды есеп беру.
(2) Сұрау салу түскен жағдайда Алушы Жапония Үкіметіне Грант және оның есептелген пайыздары туралы қажетті ақпаратты береді.
(3) Тауарларды тиеу мен теңіздегі сақтандыруға келсек, Алушы көліктік және теңізде сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір шектеулерді салудан тартынады.
(4) Тауарларды және (немесе) Көрсетілген қызметтерді Алушы елден экспорттауға немесе кері экспорттауға болмайды.
6. Осы Келісімді іске асыру үшін одан арғы рәсімдік нақтылаулар екі үкіметтің мүдделі органдарының арасындағы консультациялар арқылы келісіледі.
7. Екі елдің үкіметтері осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселе бойынша бір-бірімен консультациялар өткізеді.
Осы нота мен жоғарыда көрсетілген келісімді Алушының атынан растайтын Жоғары мәртебелі Сіздің жауап нотаңыз Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында грантты беру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе санаймын.".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген келісімді растауды және Жоғары Мәртебелі Сіздің нотаңыз бен осы жауап нота Жапония Үкіметі осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінен жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты нота алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісуді мәртебе санаймын.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің аса жоғары құрметімді білдіремін.______________________________________
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген |
Жапон тарапының нотасы
Жоғары мәртебелі,
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Алушы) өкілдерінің арасында таяуда өткізілген талқылауға сүйене отырып, Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсыну құрметіне ие болып отырмын:
1. Алушының Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдарының, ережелерінің және бюджетінің қаржы бөлу тәртібінің сақталуын ескере отырып, Алушыға ¥1,087,000,000 (бір миллиард сексен жеті миллион) жапон иені мөлшерінде грант (бұдан әрі – Грант) береді.
2. (1) Грантты және есептелген пайыздарды Алушы тиісті түрде және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті, екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында өзара келісілетін тізбеде санамаланған Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – тиісінше Тауарлар және Көрсетілген қызметтер) сатып алу, сондай-ақ Тауарлардың тиісті шығарушы елдерде өндірілуі, ал Көрсетілген қызметтерді тиісті шығарушы елдер азаматтарының ұсынуы шартымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті алымдарды төлеу үшін ғана пайдаланады.
(2) (1) тармақшада аталған тізбе екі үкіметтің тиісті органдары арасында келісілгеннен кейін өзгертуге жатады.
(3) Жоғарыда (1) тармақшада аталған заңды шығарушы елдердің қамту аясы екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында келісілуі тиіс.
3. (1) Алушы осы Келісім күшіне енген күннен кейін екі ай ішінде Жапония банкінде Алушының атына иенмен әдеттегі депозиттік шот (бұдан әрі – Шот) ашады және оны ашқан күннен бастап он төрт күн ішінде Жапония Үкіметін Шот ашу рәсімінің аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
(2) Шоттың бірден-бір мақсаты Жапония Үкіметінің жапон иенімен осы Келісімде 4-тармақта аталған төлемді алуы, сондай-ақ Тауарларды және (немесе) Көрсетілген қызметтерді сатып алу үшін қажетті төлемдерді және екі үкіметтің тиісті органдарының арасында келісілуі мүмкін басқа да төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
4. Жапония Үкіметі Грантты осы Келісімнің 1-тармағында көрсетілген соманы Шотқа осы Келісімнің 3-тармағының (1) тармақшасында аталған жазбаша хабарламаны алған күн мен 2026 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезең ішінде жапон иенімен аудару арқылы береді. Бұл мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
| Жоғары Мәртебелі |
| Ақмарал Әлназарова ханым |
| Қазақстан Республикасының |
| Денсаулық сақтау министрі |
5. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қолдануға тиіс:
(a) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ Грант берілген күннен бастап он екі ай ішінде, егер осы мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылмаса, әзір болу мақсатында осы Келісімнің 2-тармағының (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеуге Гранттың және есептелген пайыздардың Шоттан толық төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Бағдарлама аяқталғаннан кейін қалған соманы Жапония Үкіметіне өтеу;
(b) Алушының елінде Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ басқа да салық алымдарын төлеуден босатуды қамтамасыз ету;
(c) Грантты және есептелген пайыздарды пайдаланудың экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне тиісті көңіл бөлу;
(d) Грант пен есептелген пайыздар Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алу және осы Келісімнің 2-тармағының (1) тармақшасында көрсетілетін алымдарды төлеу үшін толық пайдаланылғанда Жапония Үкіметіне немесе Жапония Үкіметінің өтініші бойынша тиісті операцияларға қатысты шарттардың, ваучерлердің және басқа да құжаттардың көшірмелерімен бірге Шот бойынша операциялар туралы Жапония Үкіметі үшін қолайлы жазбаша нысанда дайындалған есепті дереу ұсыну;
(e) Тауарлардың және (немесе) Көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісінше қолдауды және оларды Бағдарламаны іске асыру үшін тиімді пайдалануды, сондай-ақ оларды әскери мақсаттарда қолдануға тыйым салуды қамтамасыз ету;
(f) Алушының өзін қоса алғанда, соңғы пайдаланушылардың Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануына кепілдік беру;
(g) Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу және учаскелерді тазарту;
(h) Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті электрмен жабдықтау, сумен қамту, су бұру және басқа да көмекші инфрақұрылым нысандарын қамтамасыз ету;
(i) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді ел аумағында уақтылы түсіру, кедендік ресімдеу және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(j) Тауарларды және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты қызметтерді көрсетуі мүмкін Жапония азаматтарына және/(немесе) үшінші елдердің азаматтарына Қабылдаушы тарап еліне кіруі мен онда болуына қажетті барлық жағдайларды жасау;
(k) Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тұлғалардың Қабылдаушы тарап еліндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(l) Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті, бірақ Грант пен оған есептелген пайыздармен жабылмайтын барлық шығындарды өз мойнына алу;
(m) Бағдарлама аяқталғаннан кейін Жапония Үкіметіне қорытынды есеп беру.
(2) Сұрау салу түскен жағдайда Алушы Жапония Үкіметіне Грант және оның есептелген пайыздары туралы қажетті ақпаратты береді.
(3) Тауарларды тиеу мен теңіздегі сақтандыруға келсек, Алушы көліктік және теңізде сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір шектеулерді салудан тартынады.
(4) Тауарларды және (немесе) Көрсетілген қызметтерді Алушы елден экспорттауға немесе кері экспорттауға болмайды.
6. Осы Келісімді іске асыру үшін одан арғы рәсімдік нақтылаулар екі үкіметтің мүдделі органдарының арасындағы консультациялар арқылы келісіледі.
7. Екі елдің үкіметтері осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселе бойынша бір-бірімен консультациялар өткізеді.
Осы нота мен жоғарыда көрсетілген Келісімді Алушының атынан растайтын Жоғары мәртебелі Сіздің жауап нотаңыз Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты нота алмасу нысанындағы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе санаймын.
Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің ең жоғары құрметімді білдіремін.
