Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 611 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы "13" тамыздағы
№ 611 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады);

      1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қатысушылар бола отырып;

      үкіметтің араласуы және оның тарапынан реттеу ең аз авиакәсіпорындар арасындағы нарықтық бәсекелестік негізінде халықаралық авиация жүйесін көтермелеуге ниет білдіре отырып;

      халықаралық әуе қатынастарының мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуге ниет білдіре отырып;

      тиімді және бәсекеге қабілетті халықаралық әуе қатынасы сауда деңгейін, тұтынушылардың әл-ауқатын және экономикалық өсімді арттыратынын мойындай отырып;

      авиакәсіпорындар үшін саяхаттаушылар мен тасымалдаушы тұлғаларға кемсітпей және үстем позицияны теріс пайдаланбай, ең төмен баға бойынша қызметтер көрсетудің әралуан опцияларын ұсынуға мүмкіндік ашуға, сондай-ақ жеке авиакәсіпорындардың инновациялық және бәсекеге қабілетті баға саясатын әзірлеу мен іске асыруында оларды қолдауға ниет білдіре отырып;

      халықаралық авиақатынастары жүйесінде қорғаудың және қауіпсіздіктің барынша жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып және әуе кемесінің қауіпсіздігіне қарсы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, авиақатынастардың жұмысына теріс әсерін тигізетін және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қатысты жұртшылықтың сеніміне селкеу келтіретін қауіп-қатер мен әрекеттерге байланысты шынайы алаңдаушылықты тағы да растай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін, егер мәнмәтіннен өзгеше туындамаса, Уағдаласушы Тараптар мынадай терминдерді пайдаланады:

      1) "Конвенция" 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны білдіреді және егер қосымшалар мен өзгерістер күшіне енген немесе оларды екі Уағдаласушы Тарап та ратификациялаған жағдайда осы Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған кез келген қосымшалар мен өзгерістерді қамтиды;

      2) "авиациялық биліктер" Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігін және Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі жағдайында – Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиацияның бас басқармасын немесе екі жағдайда да осы Келісімде көзделген функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті кез келген тұлғаны немесе органды білдіреді;

      3) "тағайындалған авиакәсіпорын" осы Келісімнің 3-бабына (Авиакәсіпорынды тағайындау және рұқсат беру) сәйкес тағайындалған және уәкілетті авиакәсіпорынды білдіреді;

      4) "тариф" жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау үшін төленетін бағаны және комиссиялық алымдар мен агенттіктің көрсетілетін қызметтері немесе қосымша көрсетілетін қызметтер үшін басқа да қосымша төлемдерді қоса алғанда, бірақ поштаны тасымалдау үшін төлемдер мен талаптарды қоспағанда, осы бағалар қолданылатын талаптарды білдіреді;

      5) "аумақ" мемлекетке қатысты Конвенцияның 2-бабында айқындалған мағынаны білдіреді;

      6) "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсіпорын" және "коммерциялық емес мақсаттарда аялдау" Конвенцияның 96-бабында тиісінше олар үшін белгіленген мағыналарды білдіреді;

      7) "Келісім" осы Келісімді, қосымшаны және оған кез келген түзетулерді білдіреді;

      8) "график" осы Келісімге қосымшада көзделген авиатасымал бойынша қызметтер көрсетуге арналған маршруттар графигін және осы Келісімнің 17-бабының (Консультациялар және түзетулер) ережелеріне сәйкес оған келісу бойынша кез келген өзгерістерді білдіреді;

      9) "әуе кемесіне" қатысты "сыйымдылық" осы әуе кемесінің маршруттағы немесе маршруттың бір бөлігіндегі коммерциялық жүктелімін білдіреді;

      10) "қосалқы бөлшектер" қозғалтқыштарды қоса алғанда, жөндеуге немесе алмастыруға, оларды кейіннен әуе кемесіне монтаждауға арналған заттарды білдіреді;

      11) "стандартты жабдық" борттық алмалы-салмалы жабдықтардан және алмалы-салмалы сипаттағы қосалқы бөлшектерден басқа, алғашқы көмек құралдарын және авариялық-құтқару құралдарын қоса алғанда, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған заттарды білдіреді;

      12) "әуежайлар мен құралдар көрсететін қызметтер үшін алым" басқа да тиісті көрсетілетін қызметтер мен құралдарды қоса алғанда, әуе кемесін, олардың экипажын және әуежай жолаушыларын, аэронавигация құралдарын ұсынғаны үшін авиакәсіпорындардан өндіріп алынатын алымдарды білдіреді;

      13) "авиатасымал" әуе кемесімен жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны жеке-жеке немесе олардың комбинациясын сыйақыға немесе жалдау арқылы қоғамдық тасымалдауды білдіреді;

      14) "халықаралық авиатасымал" бір мемлекеттің аумағынан бортқа алынған жолаушылар, багаж, жүк және пошта басқа мемлекетке бара жатқан авиатасымалды білдіреді;

      15) "интермодальдық авиатасымал" әуе кемесімен және бір немесе одан көп көлік түрімен жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны жеке-жеке немесе олардың комбинациясын сыйақыға немесе жалдау арқылы қоғамдық тасымалдауды білдіреді;

      16) "ИКАО" Халықаралық азаматтық авиация ұйымын білдіреді;

      17) "кодтарды бірлесіп пайдалану" пайдалану үшін тағайындалған екі немесе одан көп авиакәсіпорын арасындағы бірлескен маркетингтік тетікті білдіреді.

2-бап. Құқық беру

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарапқа осы Келісімге қосымшада көрсетілген маршруттар бойынша халықаралық әуе желілерін белгілеу және пайдалану мақсатында осы Келісімде көзделген құқықтарды ұсынады. Мұндай қатынастар мен маршруттар бұдан әрі "шарттық желілер" және "белгіленген маршруттар" деп аталады.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорын шарттық желіні белгіленген маршрут бойынша пайдаланған кезде:

      a) екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағынан қонбай ұшып өту;

      b) аталған аумаққа коммерциялық емес мақсаттармен қону;

      c) жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны тиеу және/немесе түсіру мақсатында осы Келісімге қосымшаға сәйкес графикте осы маршрут үшін белгіленген пункттердің аталған аумағына қону құқықтарын пайдаланады.

      3. Осы Келісімге қоса берілген графикке сәйкес белгіленген маршруттар бойынша аралық және олардан кейінгі нүктелерге тасымалдау құқығын жүзеге асыру авиациялық биліктер арасында талқылауға және мақұлдауға жатады.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында ештеңе бір Уағдаласушы Тараптың тағайындаған авиакәсіпорнына (авиакәсіпорындарына) екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы пункттер арасына сыйақыға немесе жалдау арқылы жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны бортқа алу құқығын беру ретінде қаралмайды.

3-бап. Авиакәсіпорынды тағайындау және рұқсат беру

      1. Әрбір Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық желілер арқылы жазбаша нысанда графикте белгіленген шарттық желілерді пайдалану мақсатында екінші Уағдаласушы Тарапқа бір немесе одан көп авиакәсіпорын тағайындауға және осындай тағайындауды кері қайтарып алуға не өзгертуге құқығы бар.

      2. Шарттық желілерді пайдалануға рұқсат алу үшін көзделген тәртіппен және нысанда тағайындалған авиакәсіпорыннан тағайындау туралы хабарлама мен өтініш алған соң әрбір Уағдаласушы Тарап ең аз рәсімдік кідіріспен шарттық желілерді пайдалануға тиісті рұқсат береді, бұл ретте:

      a) авиакәсіпорынның авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа және/немесе осындай Уағдаласушы Тарап мемлекетінің азаматтарына басым түрде тиесілі болуы және солардың тиімді бақылауында болуы;

      b) авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың осы Келісімнің 13-бабында (Ұшу қауіпсіздігі) және 14-бабында (Авиациялық қауіпсіздік) көзделген ережелерге сәйкес келуі;

      c) тағайындалған авиакәсіпорынның тағайындауды алатын Уағдаласушы Тарап әдетте халықаралық әуе қатынасын орындағанда қолданатын заңдарда және қағидаларда жазылған талаптарды сақтау үшін біліктілігінің болуы шарт.

4-бап. Рұқсаттың күшін жою, алып қою және қолданысын шектеу

      Мынадай:

      егер ол осы авиакәсіпорынға басымдықпен иелік ету және тиімді бақылау осы авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа немесе осы Уағдаласушы Тарап мемлекетінің азаматтарына тиесілі екеніне сенімді болмаса;

      егер авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарап осы Келісімнің 13 (Ұшу қауіпсіздігі) және 14-баптарында (Авиациялық қауіпсіздік) көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда; және

      с) егер тағайындалған авиакәсіпорынның тағайындауды алатын Уағдаласушы Тарап әдетте халықаралық әуе қатынасын орындағанда қолданатын заңдарда және қағидаларда жазылған талаптарды сақтау үшін біліктілігі болмаған жағдайда әрбір Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктерінің екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорынға қатысты осы Келісімнің 3-бабында (Авиакәсіпорынды тағайындау және рұқсат беру) көрсетілген шешімдерді жоюға, сондай-ақ олардың күшін жоюға, тоқтата тұруға немесе мұндай рұқсаттар үшін уақытша немесе тұрақты негізде талаптар қоюға құқығы бар.

5-бап. Құралдар және әуежай алымдары

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарының белгіленген маршруттар бойынша пайдалануы үшін өз мемлекетінің аумағында әуежайды немесе әуежайларды тағайындайды және екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына шарттық желілерді пайдалануға қажетті байланыс, авиациялық және метеорологиялық құралдарды және басқа да көрсетілетін қызметтерді ұсынады.

      2. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы да екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына қатысты пайдаланушылардан ұқсас халықаралық авиақатынастарды пайдаланатын, ұқсас әуе кемелерін, қосымша құралдар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын өздерінің тағайындалған авиакәсіпорындары үшін белгіленген ұқсас алымдар мөлшерінен асып кететін алымдарды белгілемейді және белгілеуге рұқсат бермейді.

      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап құралдар мен әуежай алымдары және осы алымдар бойынша кез келген басқа да өзгерістер жөнінде консультация өткізуді сұрата алады.

6-бап. Салықтардан, кедендік және басқа да баждардан босату

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнын ұшып келетін әуе кемелеріне көрсетілетін қызметтердің бағаларына жатпайтын, екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына пайдалану мақсатында әкелінген немесе әуе кемесін немесе шарттық желілерді пайдаланатын Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнын пайдалану немесе оған қызмет көрсету үшін ғана пайдаланылған отынға, жағар майға, техникалық шығыс материалдарына, қозғалтқыштарды қоса алғанда, қосалқы бөлшектерге, стандартты борт жабдықтарына, борттағы қосалқы заттарға және багаж биркасы, авиабилеттер, авиажүкқұжаттар, отырғызу талондары және кестелер сияқты авиакәсіпорынның айырым белгілері бейнеленген ресми құжаттарға салынатын баждардан, салықтардан және алымдардан өзара негізде босатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген босатулар:

      Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында әуежай шекарасында және аталған Уағдаласушы Тараптың биліктері белгілеген шеңберде және екінші Уағдаласушы Тараптың ұшып шығатын, халықаралық авиатасымалды орындайтын әуе кемесінің бортында пайдалалану үшін бортқа алынған борттағы қосалқы заттарға;

      әуежай шекарасында Уағдаласушы Тараптардың бірінің мемлекетінің аумағына белгіленген халықаралық маршрутта екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорын пайдаланатын әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету немесе оны жөндеу үшін әкелінген қосалқы бөлшектерге;

      c) халықаралық әуе желілерін пайдаланатын және екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорынға тиесілі ұшып шығатын әуе кемесіне берілетін отын мен жағармай материалдарына, тіпті егер бұл қорлар олар бортқа қабылданатын Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы шегінде өтетін маршрут учаскесінде пайдаланылатын болса да қолданылады.

      3. Уағдаласушы Тараптардың бірінің тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемесі бортындағы стандартты борт жабдығын, сондай-ақ материалдар мен қорларды екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің кеден биліктерінің рұқсатымен ғана түсіруге болады. Мұндай жағдайда олар кері әкетілгенге немесе Уағдаласушы Тарап мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес басқа тағайындауды алғанға дейін аталған биліктердің қадағалауына орналастырылуы мүмкін.

7-бап. Шарттық желілердің пайдаланылуын реттейтін қағидаттар

      1. Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындарына белгіленген маршруттар бойынша шарттық желілерді пайдалануда әділ және тең мүмкіндіктер ұсынылады.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары шарттық желілерді пайдаланған кезде сол маршруттың бүкіл ұзындығында немесе учаскесінде екінші Уағдаласушы Тарап авиакәсіпорындары көрсететін қызметтерге жөнсіз әсер тигізбеу үшін соңғыларының мүдделерін ескереді.

      3. Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары шарттық желілерді өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде сыйымдылықты авиакәсіпорынды тағайындайтын Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы мен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы арасында жолаушыларды, жүкті, багажды және поштаны тасымалдаудың ағымдағы және ақылға қонымды күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті түрде ақылға қонымды жүктеп пайдаланады. Егер сыйымдылық:

      а) авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына (аумағынан) тасымалдауға қажеттіліктерге;

      b) аудан кіретін мемлекеттердің басқа авикәсіпорындары белгілеген басқа көліктік желілерді ескергенде шарттық желілер өтетін аудандағы тасымалдарға қажеттіліктерге;

      c) авиакәсіпорындардың толассыз тасымалдарының қажеттіліктеріне жататын болса, авиакәсіпорын тағайындайтындардан басқа, мемлекеттер аумағында белгіленген маршруттарда көрсетілген пункттерде бортқа алынған және түсірілген поштаны қоса алғанда, жолаушылар мен жүктер тасымалын қамтамасыз ету Уағдаласушы Тараптар арасында келісуге жатады.

      4. Тағайындалған авиакәсіпорындар үшін әділ және тең қатынас жасауды қамтамасыз ету мақсатында шарттық желілерді пайдалану жиілігі мен тасымалдау көлемі, сондай-ақ ұшу кестесі Уағдаласушы Тараптардың авиациялық биліктерінің бекітуіне жатады. Осы талап шарттық желілерге қатысты кез келген өзгеріс енгізген кезде де сақталуға тиіс.

      5. Уағдаласушы Тараптардың авиациялық биліктері қажет болғанда ұшу кестесіне, сыйымдылыққа және жиілікке қатысты мәселелерді реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

8-бап. Кестелерді бекіту

      Әрбір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары кез келген шарттық желілерді пайдалану басталған күнге дейін кемінде алпыс (60) күн бұрын кесте бойынша өз ұсыныстарын екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктеріне бекітуге жолдайды. Мұндай кестеде қатынастың және пайдаланылатын әуе кемесінің типі, ұшу графигі мен басқа да кез келген тиісті ақпарат қамтылады. Бұл дәл осылайша кез келген өзгерістерге қолданылады. Ерекше жағдайларда көрсетілген мерзім аталған биліктердің келісуі бойынша қысқартылуы мүмкін.

9-бап. Статистикалық деректерді ұсыну

      Әрбір Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктерінің сұрау салуы бойынша оларға тағайындалған авиакәсіпорындар шарттық желілер бойынша екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына (аумағынан) орындайтын тасымалдарға қатысты осындай ақпарат пен статистикалық деректерді ұсынады, оларды әдетте тағайындалған авиакәсіпорындар жасайды және авиациялық билікке береді. Мұндай ақпарат көлемі, бөлінуі, ұшып шығу және межелі пункті туралы деректерді қамтиды. Бір Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктерінен сұратуы ықтимал кез келген қосымша статистикалық деректер екі Уағдаласушы Тарап арасында өзара талқылауға және келісуге жатады.

10-бап. Заңдарды және қағидаларды қолдану

      1. Бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің заңдары мен қағидалары екінші Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсіпорынның әуе кемесінің навигациясы мен пайдаланылу мәселелеріне бірінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру, онда болу және одан шығу кезінде қолданылады.

      2. Бір Уағдаласушы Тарап мемлекетінің жолаушылардың, багаждың, экипаждың, жүктің және поштаның келуіне, болуына және оның аумағынан шығуына қатысты, мысалы кіруге, шығуға, көшіп кетуге және көшіп келуге, кедендік қағидаларға, валюта мен санитариялық шараларға қатысты шарттылықтар сияқты заңдары мен қағидалары екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемесімен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке және поштаға олар аталған аумақта болған уақытта қолданылады.

      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап сұрау салу бойынша екінші Уағдаласушы Тарапқа осы бапқа қатысты тиісті заңдардың және қағидалардың көшірмелерін ұсынады.

      4. Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына қатысты өзінің авиакәсіпорынына осы бапқа қатысты заңдарды және қағидаларды қолдануда қандай да бір артықшылықтар ұсына алмайды.

11-бап. Кірісті аудару

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына (авиакәсіпорындарына) мемлекетінің аумағында жолаушыларды, поштаны және жүкті тасымалдағаны үшін кіріс алынған Уағдаласушы Тараптың шетелдік айырбастау қағидаларына сәйкес кірісті еркін аудару құқығын береді. Мұндай аударымдардан әдеттегі банктік комиссиялардан басқа ешқандай комиссия алынбайды.

      2. Бір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының шығысынан асып түскен кіріс сомаларын аударуға шектеу қойған жағдайда соңғысы сол Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына жауап ретінде шектеулер қою құқығын өзінде сақтайды.

12-бап. Куәліктер мен куәландыру құжаттарын тану

      1. Уағдаласушы Тараптардың бірі берген немесе жарамды деп таныған, қолданылу мерзімі өтпеген ұшуға жарамдылық куәліктерін, біліктілік куәліктерін және куәландыру құжаттарын екінші Уағдаласушы Тарап мұндай куәліктерді немесе куәландыру құжаттарын беруге негіз болған талаптардың Конвенцияға сәйкес белгіленуі мүмкін ең төменгі деңгейге тең немесе одан жоғары болуы шартымен жарамды деп таниды. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз мемлекетінің азаматтарына екінші Уағдаласушы Тарап берген біліктілік куәліктері мен куәландыру құжаттарын өз мемлекетінің аумағы үстінен ұшуға немесе оған қонуға қатысты жарамды деп танудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бір Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері кез келген тұлғаға немесе тағайындалған авиакәсіпорынға немесе шарттық желілерді пайдаланатын әуе кемесіне берген куәландыру құжаттарында немесе куәліктерде жазылған артықшылықтарда немесе шарттарда ИКАО-мен келісу бойынша Конвенцияда белгіленген ең төменгі стандарттардан айырмашылықтарға жол берілсе, екінші Уағдаласушы Тарап осы мәселені түсіндіру мақсатында авиациялық биліктер арасында консультациялар өткізуді сұрата алады.

13-бап. Ұшу қауіпсіздігі

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап аэронавигациялық құралдарға, ұшу экипажына, әуе кемесіне және әуе кемесін пайдалануға қатысты екінші Уағдаласушы Тарап қолдайтын қауіпсіздік стандарттары бойынша консультация өткізуді кез келген уақытта сұрата алады. Мұндай консультациялар сұрау салу алынғаннан кейін (30) отыз күн ішінде өткізіледі.

      Егер консультация өткізілгеннен кейін бір Уағдаласушы Тарап Конвенцияға сай сол уақытта белгіленген стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттарын екінші Уағдаласушы Тарап тиімді түрде қолдамайды және сақтамайды деп есептесе, екінші Уағдаласушы Тарап мұндай мәліметтер, сондай-ақ ИКАО стандарттарына сәйкестік үшін қабылдау қажет шаралар туралы хабардар етіледі. Содан кейін екінші Уағдаласушы Тарап (13) он үш күн ішінде немесе келісілген уақыт кезеңі ішінде кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      2. Конвенцияның 16-бабына сәйкес кез келген пайдаланылатын әуе кемесін немесе осы Келісімнің тағайындау туралы ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындарына тиесілі емес және осы Келісімнің ережесіне сәйкес екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына немесе аумағынан Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де мемлекетіне немесе үшінші тарапқа тиесілі басқа авиатасымалдаушыдан жалға алу туралы келісім арқылы әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын әуе кемесін екінші Уағдаласушы Тараптың уәкілетті өкілдері қарап тексеруге тиіс. Конвенцияның 33-бабында көрсетілген міндеттемелерге қарамастан, егер бұл әуе кемесін пайдалану кезінде негізсіз кідіріс туғызбаса, бұл қарап тексерулердің мақсаты әуе кемесі құжаттамасының, экипаж куәлігінің жарамдылығын және әуе кемесінің жабдықтары мен шарттары Конвенцияда сол уақытқа белгіленген стандарттарға сәйкес келетінін растау болып табылады.

      3. Әуе кемесін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет болған жағдайда әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының шарттық желілерді пайдалануына рұқсатты дереу тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес бір Уағдаласушы Тарап қабылдайтын кез келген шаралар мұндай шараларды қолдану үшін негіз жоққа шығарылған сәттен бастап тоқтатылады.

14-бап. Авиациялық қауіпсіздік

      1.      Уағдаласушы Тараптар азаматтық авиацияның қауіпсіздігін заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша бір-біріне қатысты өздері қабылдаған міндеттемелер осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтынын растайды. Халықаралық құқық бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттемелерінің жалпы қолданылуын шектемей, Уағдаласушы Тараптар 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелері бортында жасалатын қылмыстар және кейбір өзге де актілер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияның және 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз актілерге қарсы күрес туралы қосымша хаттаманың (1988 жылғы Монреаль хаттамасы), 1991 жылғы 1 наурызда Монреальда қол қойылған Пластикалық жарылғыш заттарды анықтау мақсатында оларды таңбалау туралы конвенцияның, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын авиациялық қауіпсіздік саласындағы кез келген басқа халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес әрекет етеді.

      2.      Уағдаласушы Тараптар әуе кемелерін басып алудың және әуе кемелерінің, жолаушылар мен экипаждардың, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілердің, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін кез келген басқа қатердің алдын алу бойынша бір-біріне өтініш бойынша барлық қажетті көмекті көрсетеді.

      3.      Уағдаласушы Тараптар өздерінің қарым-қатынасында ИКАО белгілейтін авиациялық қауіпсіздік туралы ережелерге және Конвенцияға қосымшаларға сәйкес мұндай қауіпсіздік ережелерін Уағдаласушы Тараптарға қолдануға болатындай дәрежеде әрекет етеді; олар тіркелген кезде әуе кемелерін пайдаланушылардың немесе өз мемлекеттерінің аумағында тұрақты орналасқан немесе негізгі қызмет орны бар әуе кемелерін пайдаланушылардың және өз мемлекеттерінің аумағындағы әуежайларды пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі осындай ережелерге сәйкес әрекет етуін талап етеді.

      4. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың талап етуі бойынша әуе кемелерін мұндай пайдаланушылар екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету және оның шегінде болу үшін осы баптың 3-тармағында аталған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерді сақтауға міндетті болатынымен келіседі. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз мемлекетінің аумағы шегінде әуе кемелерін қорғау және отырғызуға немесе тиеуге дейін және сол уақытта жолаушыларды, экипажды, қолжүгін, багажды, жүкті және борттағы қосалқы заттарды тексеру үшін тиісті шаралардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың нақты қатерге байланысты ақылға қонымды арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы кез келген өтінішін тиісінше қарайды.

      5. Азаматтық авиацияның әуе кемесін заңсыз басып алуға немесе осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушылары мен экипажының, әуежайдың немесе аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілерге байланысты оқыс оқиға болған немесе оқыс оқиға қаупі төнген жағдайларда Уағдаласушы Тараптар мұндай оқыс оқиғаның немесе оның қауіпінің жылдам әрі қауіпсіз тыю мақсатында байланысты жеңілдету және басқа да тиісті шаралар қабылдау арқылы бір-біріне көмек көрсетеді. 

15-бап. Авиакәсіпорынның коммерциялық өкілдігі

      1. Бір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің кіруге, тұруға және қызметке қатысты заңдары мен қағидаларына сәйкес екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына басқарушы, техникалық, қызмет көрсетуші персоналды және осы шарттық желілерді пайдалану үшін қажетті басқа да мамандарды әкеле алады және ұстай алады. 

      2. Персоналға қойылатын мұндай талаптар бір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының қалауы бойынша өз персоналының есебінен немесе екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін және басқа авиакәсіпорындар үшін осындай қызметтерді орындауға уәкілетті кез келген басқа ұйымның, компанияның немесе авиакәсіпорынның көрсетілетін қызметтерін пайдалану арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

      3. Осы баптың 1-тармағында аталған өкілдер мен персонал қызметін екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің қолданыстағы заңдары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады:

      а) әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағында көрсетілген өкілдер мен персоналға жұмысқа орналасуға қажетті рұқсаттарды, тиісті визаларды немесе осыған ұқсас басқа да құжаттарды өзара негізде және мейлінше аз кідіріспен ұсынады; сондай-ақ

      b) Уағдаласушы Тараптар белгілі бір уақытша міндеттерді жүзеге асыратын персонал үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беруге қатысты талаптың орындалуына жәрдемдеседі және оны жеделдетеді.

16-бап. Тарифтер

      1. Шарттық желілерде Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары өндіріп алатын тарифтер пайдалану шығыстарын, ақылға қонымды пайданы, қызмет көрсету сипаттамаларын және дәл сол маршруттар немесе оның бөліктері бойынша тұрақты тасымалдарды орындайтын басқа авиакәсіпорындардың тарифтерін қоса алғанда, барлық тиісті факторлар ескеріліп, ақылға қонымды деңгейде белгіленеді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тарифтер мүмкіндігіне қарай нарықтағы ұсыныс пен сұраныс факторларының негізінде белгіленеді.

      3. Енгізілген тарифтер есепке алуды жүргізу және нарықтағы жосықсыз бәсекелік мінез-құлыққа тиісінше жауап беру мақсатында екі Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктеріне сұрау салу бойынша жіберіледі.

      4. Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің тағайындалған авиакәсіпорындары арасында тарифтік салдарға байланысты нарықтағы бәсекелестіктің жосықсыз әдістерінен даулар туындаған жағдайда олар осы Келісімнің 32-бабының ережелеріне (Дауларды реттеу) сәйкес реттелуге тиіс.

      5. Уағдаласушы Тараптар осы баптың ережесіне сәйкес белгіленген тарифтерге қатысты авиакәсіпорындар, жолаушылар немесе жүк агенттері, туроператор немесе жүк экспедиторы тарапынан бұзушылықтарды тергеп- тексеру үшін өз юрисдикциясы шеңберінде белсенді және тиімді тетіктің болуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұдан басқа, олар мұндай тарифтерді бұзғаны үшін дәйекті және кемсітпейтін негізде тежеу шаралары түрінде жазалауға кепілдік беруге тиіс.

17-бап. Консультациялар және түзетулер

      1. Уағдаласушы Тараптар немесе олардың авиациялық биліктері тығыз ынтымақтастық рухында осы Келісімнің және оның қосымшасының ережелерін іске асыруды және қанағаттанарлық түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында бір-бірімен әлсін-әлсін консультация өткізіп тұрады.

      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың біреуі осы Келісімнің ережелеріне өзгерістер немесе толықтырулар енгізген жөн деп санаса, ол екінші Уағдаласушы Тараппен консультация өткізуді сұрай алады. Мұндай консультациялар сұрату жасалған кезден бастап (60) алпыс күн ішінде басталады. Келісілген түзетулер осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 36-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      3. Келісімге қоса берілген маршруттар графигін қоспағанда, осы Келісімнің ережелеріне ғана қатысты өзгерістерді әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің ішкі заңдық рәсімдеріне сәйкес бекітеді.

      4. Осы Келісімге қосымшада көрсетілген маршруттар графигіне ғана қатысты өзгерістер Уағдаласушы Тараптардың авиациялық биліктерінің арасында келісілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер екі Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

18-бап. Жол жүру құжаттарының төлнұсқалығы

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз паспорттарының және басқа да жол жүру құжаттарының төлнұсқалығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға міндеттенеді.

      2. Осыған байланысты әрбір Уағдаласушы Тарап осы Уағдаласушы Тарап берген немесе оның атынан берілген паспорттарды, басқа да жол жүру құжаттарын және жеке басты куәландыратын құжаттарды заңды түрде жасауға, беруге, тексеруге және пайдалануға қатысты бақылау орнатуға келіседі.

      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі беретін жол жүру құжаттары мен жеке басты куәландыратын құжаттар оларды заңсыз мақсаттарда пайдалану қиын болатындай және оларды заңсыз өзгерту, қайталау немесе беру проблемалы болатындай сапаға ие болатынына кепілдік беру үшін рәсімдерді белгілеуге немесе жетілдіруге келіседі.

      4. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің паспорттарын және басқа да жол жүру құжаттарын ИКАО құжаттары мен регламенттеріне сәйкес береді.

      5. Бұған қоса, әрбір Уағдаласушы Тарап жол жүру құжаттарына, оның ішінде жол жүру құжаттарын қолдан жасауға немесе бұрмалауға, заңсыз немесе жалған жол жүру құжаттарын пайдалануға, жарамды жол жүру құжаттарын заңсыз иеленушілердің пайдалануына, төлнұсқа жол жүру құжаттарын заңды иелерінің қылмыс жасау мақсатында заңсыз пайдалануына, мерзімі өткен немесе жойылған жол жүру құжаттарын пайдалануға, сондай-ақ алдау жолымен алынған жол жүру құжаттарын пайдалануға қатысты алаяқтық қаупін барынша азайту үшін екінші Уағдаласушы Тараппен қолдан жасалған немесе жалған жол жүру құжаттары туралы жедел ақпарат алмасуға, сондай-ақ ынтымақтасуға келіседі.

19-бап. Кіруге құқығы жоқ жолаушылар, тиісті құжаттары жоқ жолаушылар және депортацияланатын адамдар

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап шекаралық бақылаудың тиімді шараларын қабылдауға келіседі.

      2. Осыған байланысты әрбір Уағдаласушы Тарап заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кіруге құқығы жоқ жолаушыларға, құжаттары жоқ жолаушыларға және депортацияланатын адамдарға қатысты стандарттар мен Конвенцияның 9-қосымшасының (Шарттылықтарды оңайлату) ұсынылатын практикасын орындауға келіседі.

      3. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес әрбір Уағдаласушы Тарап мән-жайларға байланысты Конвенцияның 9-қосымшасында (Шарттылықтарды оңайлату) келтірілген қосымшаның бұрмаланған, қолдан жасалған немесе жалған жол жүру құжаттарын алып қоюға қатысты тиісті тармақтары шеңберінде шаралар қабылдау кезінде "бұрмаланған, қолдан жасалған немесе жалған жол жүру құжаттарына, сондай-ақ өзін басқа адамдар ретінде көрсететін адамдар ұсынған төлнұсқа құжаттарға" қатысты хат беруге немесе оны тануға келіседі.

20-бап. Тікелей транзит

      Авиациялық қауіпсіздік, есірткіні бақылау, заңсыз кірудің алдын алу пайымына байланысты және ерекше мән-жайлар кезінде жағдайларды қоспағанда, кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы арқылы тікелей транзитпен өтетін және осы мақсатқа арналған әуежай ауданынан шықпайтын жолаушылар, багаж бен жүк қарап тексеруге жатпайды. Осыған байланысты тікелей транзитпен өтетін багаж және жүк кез келген кедендік баждардан босатылады.

21-бап. Әділ бәскелестік

      Әрбір Уағдаласушы Тарап:

      а) әрбір тағайындалған авиакәсіпорынның осы Келісіммен реттелетін халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз етуде бәсекелесу үшін әділ және тең мүмкіндіктерді иеленетініне; сондай-ақ

      b) екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін кемсітушіліктің немесе жосықсыз бәсекенің барлық нысандарын жою шараларын қабылдауға келіседі.

22-бап. Кепілдік

      1. Уағдаласушы Тараптар авиакәсіпорындардың мынадай әрекеттері анағұрлым мұқият зерделеуге тұрарлық ықтимал жосықсыз бәсеке әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін екенімен келіседі:

      а) жиынтығында оларға қатысты қызметтер көрсету шығыстарын жабу үшін жеткіліксіз болып табылатын деңгейлерде жол жүру төлемдері мен маршруттардағы тарифтерді алу;

      b) артық қуат қосу немесе тасымалдау жиілігін арттыру;

      с) осы әрекеттердің уақытша емес, ұзақ мерзімді сипатта болуы;

      d) осы әрекеттердің айтарлықтай келеңсіз экономикалық әсер тигізуі немесе басқа авиакәсіпорынға елеулі залал келтіруі;

      е) осы әрекеттердің айқын ниетті көрсетуі немесе залал келтіруінің, басқа авиакәсіпорынның нарықтан шығып қалуының немесе ығыстырылуының ықтимал салдарының болуы.

      2. Егер бір Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны орындауға ниеттенетін немесе орындайтын операция немесе операциялар осы баптың 1-тармағында көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес жосықсыз бәсеке әрекетін білдіруі мүмкін деп есептесе, олар осы мәселелерді шешу мақсатында осы Келісімнің 17-бабына (Консультациялар және түзетулер) сәйкес консультация сұрата алады. Кез келген мұндай сұрау салуға сұрау салудың себептері туралы хабарлама бірге берілуге тиіс, ал консультациялар сұрау салуды алған кезден бастап 15 (он бес) күн ішінде басталады.

      3. Егер Уағдаласушы Тараптар проблеманы консультациялар арқылы шеше алмаса, дауды шешу үшін Уағдаласушы Тараптардың кез келгені осы Келісімнің 32-бабына (Дауларды реттеу) сәйкес дауларды шешу тетігіне жүгіне алады.

23-бап. Монополияға қарсы заңнама

      1. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетінің монополияға қарсы заңнамасы, саясаты және практикасы немесе оларға өзгерістер, сондай-ақ оларға қатысты осы Келісімге сәйкес әуе көлігінің жұмыс істеуіне әсерін тигізуі мүмкін қандай да бір нақты мақсаттар туралы бірін-бірі хабардар етеді және олардың іске асырылуына жауапты органдарды айқындайды.

      2. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің заңдарына және қағидаларына сәйкес рұқсат етілген шектерде авиакәсіпорынның ұсынылған практикасының өз мемлекеттерінің монополияға қарсы заңнамасымен, саясатымен және практикасымен үйлесетіні туралы ұсынымдар беру арқылы Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының авикәсіпорындарына жәрдем көрсетеді.

      3. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің монополияға қарсы заңнамасын, саясатын және практикасын қолдану мен осы Келісімді орындаудың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін деп санаған кезде бірін-бірі хабардар етеді; Уағдаласушы Тараптардың бірінің тиісті өтініші болса, осы Келісімнің 17-бабына (Консультациялар және түзетулер) сәйкес консультациялар процесі мұндай қайшылықтың бар-жоғын анықтау және оны шешу немесе оны барынша азайту жолдарын іздеу үшін пайдаланылады.

      4. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда әрбір Уағдаласушы Тарап өз мемлекетінің монополияға қарсы заңнамасының ережелерін, саясатын және практикасын орындай отырып, екінші Уағдаласушы Тарап білдірген пікірлерді толық шамада және тиісті түрде қарастырады және халықаралық сыпайылық, сабырлылық және ұстамдылық қағидаттарын ұстанады.

24-бап. Авиациялық өнімді сату және өткізу

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авикәсіпорындарына екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында оның заңнамасына сәйкес өз өкілдіктерін құру құқығын қоса алғанда, өз мемлекетінің аумағында халықаралық әуе тасымалдары бойынша көрсетілетін қызметтер мен тиісті өнімді сату және өткізу (тағайындалған авиакәсіпорынның таңдауы бойынша тікелей немесе агенттер немесе басқа делдалдар арқылы) құқығын береді.

      2. Әрбір авиакәсіпорынның тасымалды өз елінің валютасында немесе өзінің қалауы бойынша басқа елдердің еркін айырбасталатын валютасында сатуға құқығы бар және кез келген тұлға осындай тасымалды осы авикәсіпорын қабылдайтын валютада еркін сатып ала алады.

25-бап. Сыйымдылықты ауыстыру

      1. Кез келген көрсетілген маршрутта кез келген келісілген тасымалдарды жүзеге асыру кезінде бір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағындағы қандай да бір пунктте бір әуе кемесін басқасына мынадай жағдайларда ғана ауыстыра алады:

      a) бұл пайдалану экономикасы тұрғысынан орынды;

      b) маршруттың бірінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан соңғы пункттен анағұрлым алыс учаскесінде пайдаланылатын әуе кемесі сыйымдылығы бойынша жақынырақ учаскеде пайдаланылатын әуе кемесіне қарағанда ірі емес;

      c) анағұрлым алыс учаскеде пайдаланылатын әуе кемесі ұшуларды анағұрлым жақын учаскеде пайдаланылатын әуе кемесі орындайтын тасымалдарға байланысты ғана және осындай тасымалдарды жалғастыру үшін ғана пайдаланылады және оның ұшу кестесі осыны қамтамасыз ететіндей түрде жасалады; бірінші әуе кемесі ұшу пунктіне анағұрлым жақын учаскеде пайдаланылатын әуе кемесінен ауыстырып тиелетін жүкті немесе осы әуе кемесіне берілетін жүкті тасымалдау мақсатында келеді; және оның сыйымдылығы ең алдымен осы мақсатты ескере отырып белгіленеді;

      d) ауыстыру пункті арқылы тасымалданатын көлем барабар болып табылады;

      e) авиакәсіпорын әуе кемесін ауыстыру жүргізілетін пункттен бастап тасымалдауды орындаушы ретінде, тиісті көрсетілген маршруттарда келісілген тасымалдардан өзге қандай да бір тасымалдарды орындаушы ретінде тікелей немесе жанама түрде және кестелер, броньдаудың автоматтандырылған жүйелері, тарифтерге баға белгілеу жүйелері, хабарландырулар арқылы немесе өзге түрде ұсынылмайды;

      f) егер келісілген тасымалдар әуе кемесін ауыстыруды қамтитын болса, бұл факт барлық кестеде, броньдаудың автоматтандырылған жүйелерінде, тарифтерге баға белгілеу жүйелерінде, жарнамаларда және осыған ұқсас басқа да құралдарда көрсетіледі;

      g) осы баптың ережелерінде әуе кемесін ауыстыруға қатысты барлық уағдаластық айқындалады;

      h) әуе кемесін ауыстыру жүргізілетін аумақта әуе кемесінің кез келген бір рейсіне байланысты осы аумақтан бір-ақ рейс орындауға болады [егер екінші Уағдаласушы Тараптың авиациялық биліктері авикәсіпорынға біреуден артық рейс орындауға рұқсат бермесе].

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:

      a) тағайындалған авиакәсіпорынның осы авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың аумағында әуе кемесін ауыстыруды жүргізу құқығын шектемейді;

      b) бір Уағдаласушы Тараптың тағайындалған кәсіпорнына әуе кемелерін ауыстыру мақсатында өзінің әуе кемелерін екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына орналастыруға мүмкіндік бермейді.

      3. Осы баптың ережелері авиакәсіпорынның осы Келісімде көзделген кодтарды бірлесіп пайдалану туралы келісімдер және/немесе орындарды бұғаттау туралы келісімдер негізінде қызметтер ұсыну мүмкіндігін шектемейді.

26-бап. Жер үстінде қызмет көрсету

      Тағайындалған авиакәсіпорын Конвенцияға 6-қосымшада (Әуе кемелерін пайдалану) қамтылған ИКАО стандарттарын және ұсынылатын практикасын қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша қолданылатын ережелердің сақталуы шартымен жер үстінде қызмет көрсету бойынша бәсекелес қызмет берушілер арасынан таңдау жасай алады.

27-бап. Кодтарды бірлесіп пайдалану/ ынтымақтастық туралы келісімдер

      1. Белгіленген маршруттардағы шарттық желілерді пайдалану немесе ұсыну кезінде бір Уағдаласушы Тараптың тағайындаған авиакәсіпорны, ол пайдалану немесе маркетингтік авиакәсіпорын болса да, тағайындайтын Уағдаласушы Тарап мемлекетінің заңдарына сәйкес қабылданған заңдарға немесе қағидаларға сәйкес:

      a) сол бір Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнымен немесе авиакәсіпорындарымен;

      b) екінші Уағдаласушы Тараптың авиакәсіпорнымен немесе авиакәсіпорындарымен;

      c) үшінші елдің авиакәсіпорнымен немесе авиакәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорынды, орындарды бұғаттауды немесе кодтарды бірлесіп пайдалануды қоса алғанда, бірақ оларды шектемей, ынтымақтастық туралы маркетингтік келісімдер жасаса алады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтар:

      a) осындай барлық авиакәсіпорындардың тиісті маршруттар мен учаскелер бойынша тасымалдауға арналған тиісті құқықтары және (немесе) өкілеттіліктері болған; және

      b) кез келген сатылған авиабилеттерге қатысты авиакәсіпорын сату орнында сатып алушыға мұның бірлескен рейс екенін, маршруттың әрбір учаскесінде қандай авиакәсіпорын іс жүзінде қызмет көрсететінін және сатып алушы қандай авиакәсіпорынмен немесе авиакәсіпорындармен шарттық қатынастарға түсетінін түсіндіретін жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Басқа авиакәсіпорындар жүзеге асыратын тасымалдардың нарықтық авиакәсіпорын ретінде тағайындалған авиакәсіпорын ұсынатын көлемі нарықтық авиакәсіпорынды тағайындайтын Уағдаласушы Тараптың үлесіне есептелмейді.

28-бап. Интермодальдық тасымалдау

      Әрбір тағайындалған авиакәсіпорын жолаушыларды және (немесе) авиациялық жүкті жерүсті тасымалдау үшін өзінің немесе басқа да қызметтерді пайдалана алады.

29-бап. Броньдаудың автоматтандырылған жүйесі (БАЖ)

      Әрбір Уағдаласушы Тарап өз мемлекетінің аумағы шегінде ИКАО-ның броньдаудың автоматтандырылған жүйелерін реттеу және пайдалану жөніндегі тәртіп кодексін қолданады.

30-бап. Қоршаған ортаны қорғау

      Уағдаласушы Тараптар авиацияны тұрақты дамытуға жәрдемдесу арқылы қоршаған ортаны қорғау қажеттігін растайды. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің тиісті аумақтары арасындағы ұшуларға қатысты Конвенцияның 16-қосымшасында (Қоршаған ортаны қорғау) қамтылған ИКАО (SARPS) стандарттарын және ұсынылатын практикасын, сондай-ақ ИКАО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданыстағы саясатын мен нұсқаулық материалын сақтауға келіседі.

31-бап. Шылым шегуге тыйым салу

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында жолаушы тасымалдайтын барлық рейстерде шылым шегуге тыйым салады. Мұндай тыйым салу әуе кемесі ішіндегі барлық орындарға қолданылады және жолаушыларды әуе кемесіне отырғызу басталған сәттен бастап одан жолаушыларды түсіру аяқталатын сәтке дейін қолданылады.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың ережелерін орындамағаны үшін тиісті айыппұлдар салуды қоса алғанда, оларды авиакәсіпорындарының, сондай-ақ жолаушылар мен экипаждар мүшелерінің сақтауын қамтамасыз етуге өз пікірі бойынша ақылға қонымды барлық шараларды қабылдайды.

32-бап. Дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімді және оған қосымшаны түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулар туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды келіссөздер арқылы реттеуге ұмтылады.

      2. Егер Уағдаласушы Тараптар дауларды келіссөздер арқылы реттей алмаса, олар дауды консультациялық қорытынды шығару үшін белгілі бір тұлғаның немесе органның қарауына беруі мүмкін.

      3. Егер Уағдаласушы Тараптар дауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес реттей алмаса, Уағдаласушы Тараптардың кез келгені үш төрешіден тұратын, олардың екеуін Уағдаласушы Тараптар тағайындауға тиіс және біреуі төрағалық етуші төреші болатын төрелік сотқа бере алады. Дау төрелікке берілген жағдайда Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы дауды төрелікке беру туралы хабарлама алынған сәттен бастап 60 (алпыс) күн ішінде төреші тағайындайды және төрағалық етуші төреші алғашқы екі төреші тағайындалғаннан кейін 60 (алпыс) күн ішінде тағайындалады. Егер Уағдаласушы Тараптардың қандай-да бірі белгіленген мерзімде төреші тағайындай алмаса немесе тағайындалған төрешілер көрсетілген мерзімде төрағалық етуші төрешіні таңдай алмаса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез келгені ИКАО Кеңесінің президентінен таңдау жасай алмаған Уағдаласушы Тараптың төрешісін және қажет болғанда, төрағалық етуші төрешіні тағайындауды сұрай алады. Алайда төрағалық етуші төреші тағайындалған кезде екі Уағдаласушы Тараппен дипломатиялық қарым-қатынасы бар мемлекеттің азаматы болуға тиіс.

      4. Төрағалық етуші төрешіні ИКАО Кеңесінің президенті тағайындаған жағдайда, егер ИКАО Кеңесінің президенті жоғарыда аталған функцияны орындай алмаса немесе ол Уағдаласушы Тараптың қандай да бірінің азаматы болып табылса, тағайындауды вице-президент жүзеге асырады. Егер вице-президент те жоғарыда аталған функцияны орындай алмаса немесе ол Уағдаласушы Тараптарың қандай да бірінің азаматы болып табылса, тағайындауды Кеңестің Уағдаласушы Тараптардың қандай да бірінің азаматы болып табылмайтын аға мүшесі жүзеге асырады.

      5. Уағдаласушы Тараптармен келісілген ережелерге сәйкес төрелік сот төрелікті өткізетін рәсімді және орынды айқындайды.

      6. Төрелік сот шешімінің Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті күші болады.

      7. Аралық судьяның гонорары мен шығыстарын ИКАО Кеңесі шеккен кез келген шығыстарды қоса алғанда, Уағдаласушы Тараптар тең дәрежеде өтейді. Уағдаласушы Тараптың өкілі болып табылатын төрешінің гонорары мен шығындарын әрбір Уағдаласушы Тарап өздері жабады.

33-бап. Көпжақты конвенцияларға немесе келісімдерге сәйкестік

      Халықаралық конвенцияларға немесе келісімдерге сәйкестендіру мақсатында осы Келісімге және оның қосымшасына Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті болып табылатын түзетулер енгізілуі мүмкін.

34-бап. Келісімнің қолданылуын тоқтату

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта екінші Уағдаласушы Тарапты осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете алады. Мұндай хабарлама бір мезгілде ИКАО-ға жіберіледі.

      2. Мұндай жағдайда, егер қолданысын тоқтату туралы хабарлама аталған кезең өткенге дейін өзара келісім бойынша қайтарылып алынбаса, осы Келісім екінші Уағдаласушы Тарап хабарламаны алған күнінен бастап 12 (он екі) ай өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады. Егер екінші Уағдаласушы Тарап алғанын растамаса, хабарлама оны ИКАО алғаннан кейін 14 (он төрт) күн өткен соң алынды деп есептеледі.

35-бап. ИКАО-да тіркеу

      Осы Келісім және оған қандай да бір түзетулер ИКАО-да тіркеледі.

36-бап. Күшіне ену

      Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.

      Осыны куәландыру үшін өз үкіметтері оған тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

      ___________ жылғы ________________________қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылық болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
 


Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі үшін




  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Сауд Арабиясы
Корольдігінің Үкіметі
арасындағы әуе қатынасы
туралы келісімге
ҚОСЫМША

Маршруттар графигі

      1-бөлім

      Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының төменде белгіленген маршруттар бойынша екі бағытта да тұрақты халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасындағы пункттер

Аралық пункттер

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі
пункттер

Тысқары пункттер

Қазақстан Республикасындағы кез келген пункттер

Кез келген пункттер

Рияд, Джидда, Медине, Дамам

Кез келген пункттер

      2-бөлім

      Сауд Арабиясы Корольдігінің тағайындалған авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының төменде белгіленген маршруттар бойынша екі бағытта да тұрақты халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыруға құқығы бар.

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі
пункттер

Аралық пункттер

Қазақстан Республикасындағы пункттер

Тысқары пункттер

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі кез келген пункттер

Кез келген пункттер

Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент

Кез келген пункттер

      3-бөлім

      Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорнының пайдалануы үшін маршруттар бойынша ескертпелер.

      1. Белгіленген маршруттардың кез келгені бойынша ұшудың кез келгенінде немесе бәрінде аралық пункттерді және тысқары пункттерді тағайындалған кәсіпорны қалауы бойынша өткізіп жіберуі мүмкін, бұл ретте кез келген авиақатынас авиакәсіпорынды тағайындайтын Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында басталуы немесе аяқталуы шарт.

      2. Әрбір тағайындалған авиакәсіпорын осы Келісімге қосымшада белгіленген аралық пункттерге және тысқары пункттерге қызмет көрсете алады, бұл ретте екі Уағдаласушы Тарап арасында бұл туралы уағдаластық болған жағдайда осы пункттер мен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағы арасында әуе кеңістігінің бесінші еркіндігі бойынша құқық қолданылуы шарт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады