Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 270 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
