ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.09.2025 № 786 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 07.05.2025 бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қарағыз) қаулысымен.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:
1. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы және скринингтік зерттеу жағдайларын қоспағанда):
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;
2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильдік бригада көрсететін қызметтер;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауда ұстауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляциялар;
7) тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен дамудағы ауытқуды ерте анықтауға уәкілетті орган айқындаған скринингтік зерттеу.
2. ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақ 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 қаулысымен (мәтін алып тасталды).
3. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын туындататын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде стационар көрсететін қызметтер.
4. Стационарлық жағдайларда:
1) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, бет қаңқасы мен бастың туа біткен анатомиялық кемістігі бар балаларға реконструкциялық, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы нысандағы;
2) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысандағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек, оның ішінде тәулік бойғы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.
5. Уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша медициналық оңалту (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
6. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
7. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау ұсынылады.
8. Мынадай:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.