Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 940 қаулысымен

"Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына баспасөз хабарлама

      "Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысы Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импортын тұрақты түрде реттеуге бағытталған.

      Қаулыны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын керек қылмайды, сондай-ақ кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз