"Қазақстанның Даму банкі туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңның 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына: 
      1) Даму банкі Директорлар кеңесінің құрамына: 
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғани Нұрмаханбетұлы Өзбековты; 
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминді сайлау; 
      2) Даму банкі Директорлар Кеңесінің құрамынан Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты, Леонид Александрович Ивановты, Александр Иванович Андрющенконы шығару ұсынылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 
 
           
          
