1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІV "Шығыстар" бөлімінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2
"Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және
кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін
мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"30 Кеден бекеттерінің және кеден
органдарының инфрақұрылымының
құрылысы 453 000
31 Кинологиялық орталық 22 000";
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ІV "Шығыстар" бөлімінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобының 2
"Қаржылық қызмет" ішкі функциясының 219 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі әкімшісі бойынша 41 "Кеден бекеттерінің және
кеден органдарының инфрақұрылымының құрылысы" бағдарламасынан кейін:
3-бағандағы "Мем. тапсырыс" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"30 Кеден бекеттерінің және кеден
органдары инфрақұрылымының
құрылысы Мем. тапсырыс
31 Кинологиялық орталық Ұстау".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.
