Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлардың электрондық саудасы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Өкімі

      Өзара электрондық сауданы дамытуға және жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ өзара электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғауға арналған шарттарды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия 2025 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлардың электрондық саудасы туралы келісімнің жобасын мемлекетішілік келісу рәсімін жүргізу үшін жіберсін.

      Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті өкімі қабылданған күннен бастап 30 күннің ішінде осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген Келісімнің жобасын мемлекетішілік келісудің барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      2. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа жеке тұлғаларға сатылатын тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын мемлекетішілік келісудің барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны 2025 жылғы 1 наурызға дейін хабардар ету сұралсын.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2025 жылғы ІІІ тоқсандағы отырысында осы тармақтың 1-абзацының орындалу нәтижелері туралы хабардар етсін.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады