Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және телевизиялық бақылау (бейнебақылау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 353-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және телевизиялық бақылау (бейнебақылау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптар бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 138 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және телевизиялық бақылау (бейнебақылау) жүйесімен техникалық жарақтандыруға қойылатын ҮЛГІЛІК ТАЛАПТАР

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлгілік талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан, кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен (кедендік инфрақұрылым элементтері) жарақтандырылған жаңадан салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, ашық алаңдарды жайластыруға, кедендік операциялардың жасалуын кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттерді анықтауды және бақылаушы органдардың лауазымды адамдарын осындай іс-әрекеттер туралы хабардар етуді телевизиялық бақылау (бейнебақылау) жүйесімен (бұдан әрі – ТБЖ) техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтері кеден органдарының қызметін ТБЖ-мен қамтамасыз етуге байланысты олардың функционалдық мақсатының ерекшеліктері ескеріле отырып, жайластырылады және мыналардан:

      а) видеокамералардан;

      б) басқару (әкімшілендіру), айналмалы бейнекамераларды басқару жабдығынан (бар болған жағдайда);

      в) жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуден;

      г) бейнеақпаратты сақтау жабдықтарынан;

      д) бейнеақпаратты көрсету жабдықтарынан;

      е) резервтік қоректендіру жабдығынан тұратын ТБЖ-мен техникалық жарақтандырылады.

II. Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды, көлік құралдарын өткізу орындарында орналасқан ТБЖ-ға қойылатын жалпы үлгілік талаптар

      3. ТБЖ көмегімен:

      а) қашықтықтан бейнебақылау режимінде тәулік бойы, жыл бойы жұмыс жасау режимі (ТБЖ-ның жоспарлы техникалық қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізу үшін қажетті уақытты қоспағанда);

      б) ТБЖ-ның техникалық сипаттамалары мен орнатылған параметрлеріне сүйене отырып, ақпаратты көрсету және жазу, ТБЖ мұрағатын автоматты түрде қалыптастыру;

      в) байланыс арналары арқылы ақпаратты көшіру және жіберу мүмкіндігі қамтасыз етілуі тиіс.

III. ТБЖ-ның негізгі элементтеріне қойылатын үлгілік талаптар

      4. Кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) жүргізілетін орындарда орнатылатын бейнекамераларға мынадай талаптар қойылады:

      а) бейнекамераларды үй-жайлардан тыс орналастырған кезде:

      сезімталдық – 0,01 лк кем емес;

      объектив – автофокуспен;

      бейнекамерадан алынған сурет – түрлі-түсті;

      минималды ажыратымдылығы – кем дегенде 2 мегапиксель;

      оптикалық масштабтаудың болуы;

      б) ауданы 10 м2-тан кем үй-жайларда бейнекамераларды орналастырған кезде:

      сезімталдық – 0,01 лк кем емес;

      объектив – автофокуспен;

      бейнекамерадан алынған сурет – түрлі-түсті;

      минималды ажыратымдылығы – кем дегенде 4 мегапиксель;

      инфрақызыл жарықтың ұзақтығы – кем дегенде 5 м болуы;

      в) ауданы 10 м2 және одан көп болатын үй-жайларда бейнекамераларды орналастырған кезде:

      сезімталдық – 0,01 лк кем емес;

      объектив – автофокуспен;

      бейнекамерадан алынған сурет – түрлі-түсті;

      минималды ажыратымдылығы – кем дегенде 4 мегапиксель;

      инфрақызыл жарықтың ұзақтығы – кем дегенде 20 м болуы;

      оптикалық масштабтаудың болуы.

      5. Аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге де жерлерде орнатылатын бейнекамераларға мынадай талаптар қойылады:

      сезімталдық – 0,01 лк кем емес;

      минималды ажыратымдылығы – кем дегенде 2 мегапиксель;

      инфрақызыл жарықтың ұзақтығы – кем дегенде 5 м болуы;

      бейнекамерадан алынған сурет – түрлі-түсті;

      оптикалық масштабтаудың болуы.

      6. Бейнекамераларға және оларды орналастыру орындарына мынадай пайдалану талаптары қойылады:

      а) бейнекамералардың саны мен типтері (стационарлық және айналмалы), оларды орнату орындары және аумақты көрудің қажетті бұрыштары кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, кедендік операциялардың жасалуына жедел мониторинг пен талдау жүргізу, оның ішінде нақты кедендік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында кеден органдарының талаптары негізінде жобалау кезінде айқындалады;

      б) жылытылатын немесе кондиционерленетін үй-жайлардан тыс орналасқан ТБЖ бейнекамераларының жұмысына арналған температуралық диапазон – 30-дан + 40 °С-қа дейін;

      в) бейнекамераларды тәулік бойы электрмен қамтамасыз ету – қуат көздері (220/12 В немесе 220/24 В) арқылы немесе "ширамалы жұп" (Ethernet) кабелі арқылы жүзеге асырылады.

      7. Басқару (әкімшілендіру), айналмалы бейнекамераларды басқару жабдығына (бар болған жағдайда) және оларды орналастыру орындарына мынадай талаптар қойылады:

      а) басқару (әкімшілендіру) айналмалы бейнекамераларды басқару жабдығы рұқсат етілмеген қол жеткізу мүмкіндігі болдырылмайтын орындарға орнатылуы тиіс;

      б) ақпаратты бағдарламалық сығымдауды және бейнежазбаны қатқыл дискке арнаға кемінде секундына 10 кадр жылдамдықпен жазуды, кемінде 2 мегапиксель болатын бейнежазба форматты ақпараттың келіп түсуін және 30 тәуліктен кем емес сақтау мүмкіндігі бар бейнежазбаны тіркеу құрылғысының болуы;

      в) H.264, Н.265, MPEG-4, MJPEG бейнежазба сығымдау стандарттарының болуы;

      г) TSP/IP, UDP, RTSP, SMTP, FTP, SNTP деректерді беру хаттамаларының болуы;

      д) ТБЖ-ға қол жеткізу үшін веб-интерфейстің болуы;

      е) күні, уақыты және бейнекамераның нөмірі (сипаттамасы) критерийлері бойынша бейне мұрағатты қарау мүмкіндігінің болуы;

      ж) кеден органы үшін ТБЖ веб-интерфейсіне авторландырылған қолжетімділікпен (логин мен пароль) қамтамасыз ету функциясының болуы;

      з) ТБЖ-ны өзге де ақпараттық-бағдарламалық құралдармен ұштастыру мүмкіндігінің болуы;

      и) ТБЖ жүйесінің функцияларына қол жеткізу құқықтарын иерархиялық басқаруды қолдаудың болуы;

      к) ТБЖ жұмысын кеден органының бірыңғай нақты уақыт жүйесімен синхрондау мүмкіндігі (бар болған жағдайда);

      л) қосымша жарықтандыруды қолдану мүмкіндігі болмаған кезде бейнекамералардың көмегімен алынған түрлі-түсті бейнекөріністі немесе нашар көріну жағдайында қара-ақ бейнекөріністі қалыптастыру және жіберу функциясының болуы;

      м) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан ТБЖ операторларының жұмыс орындарында, сондай-ақ аумағында кедендік операциялар жасалуы мүмкін және ТБЖ көмегімен кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге де орындарда бейнекамералардан келіп түсетін бейнесуреттерді толық экранды да, көп экранды режимде де көрсету;

      н) ТБЖ операторларының жұмыс орындарынан айналмалы бейнекамераларды басқару (бар болған жағдайда) функциясының болуы;

      о) ТБЖ мұрағатын қалыптастыру кезінде кедендік бақылау аймақтарында (қажет болған кезде) орнатылған бейнекамералардан түсетін аудио ақпаратты баптау және тіркеу мүмкіндігі;

      п) әр түрлі өлшемшартпен (бейнекамера нөмірі, күні, уақыты және т.б.) сұраныстар қалыптастыру арқылы ТБЖ мұрағатында сақталған ақпаратты өңдеу (іздеу, көрсету, көшіру және т. б.) мүмкіндігі;

      р) ТБЖ-ға қосылған бейнекамералардың жұмысқа қабілеттілігін тәулік бойы бақылау;

      с) Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының, сондай-ақ аумағында кедендік операциялар жасалуы мүмкін және ТБЖ көмегімен кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге де орындардың картографиялық жоспарларында бейнекамераларды визуализациялау мүмкіндігі.

      8. ТБЖ жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен:

      а) техникалық тапсырмада көзделген сапамен бейнекамералардан бейне мұрағатына беріп, бейнежазбадағы уақыт пен бейнекамера параметрлерін көрсетіп және редакциялаудан қорғап бейнеақпаратты циклдік жазу;

      б) бейнекамералардан алынған суреттерді жіберілетін бейнеағынның сапасынан кем болмайтын сапада жазу;

      в) әр бейнекамера үшін бейнежазбаны жазу параметрлерін жеке баптау мүмкіндігі;

      г) жазу сапасын таңдау мүмкіндігімен барлық бейнекамералардан алынған бейне кескіндерді тіркеу;

      д) ТБЖ бейне мұрағатына рұқсат етілген қол жеткізу мүмкіндігі;

      е) ТБЖ-ның барлық пайдаланушыларын аты-жөндері мен парольдері бойынша авторизациялау және тіркеу, сондай-ақ ТБЖ-ның пайдаланушылары үшін ТБЖ бағдарламалық қамтамасыз ету функцияларына қол жеткізу құқықтарын ажырату;

      ж) бақыланатын аймақтардағы дабыл аймақтарын әртүрлі параметрлер (затты табу, бақыланатын аймақты кесіп өту, бақыланатын аймақтағы қозғалыс және т. б.) бойынша баптау;

      з) көру, көшіру және көрсету үшін берілген уақыт параметрлері мен оқиғалары бойынша бейнеақпаратты іріктеу мүмкіндігі;

      и) кедендік бақылау аймағына кіру және шығу орындарында (көлік құралдарының қозғалыс арналарында, көлік құралдарының жинақтағыштарында, ұсталған немесе уақытша ұсталған көлік құралдарының тұрақтарында, кедендік операцияларды жүргізу орындарында, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу орындарында, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу орындарында, қоймалық үй-жайларда және кедендік бақылаудағы тауарлары бар ашық алаңдарда, сыртқы экономикалық қызмет субъектілері өкілдерінің күту орындарында, келушілерді қабылдау үй-жайларында) кемінде 2 мегапиксель және секундына 25 кадр беру жиілігімен бейнежазба форматында (бақыланатын аймақта аудио жазу мүмкіндігімен) тұрақты жазу;

      к) тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу орындарының және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу орындарының жанында орналасқан бақыланатын аймақтардың алаңдары үшін қозғалысты бейне суреттер форматында кемінде 2 мегапиксель және секундына 12 кадр беру жиілігімен тіркеу бойынша бақылау объектісін жазу қамтамасыз етілуі тиіс.

      9. ТБЖ бейнеақпарат сақтау жабдығына және оны орналастыру орындарына мынадай талаптар қойылады:

      а) жабдықтың көмегімен ақпаратты жазу және сақтау, ТБЖ мұрағатын (белгіленген сақтау мерзімі кемінде 30 тәулік) автоматты түрде қалыптастыру қамтамасыз етілуі тиіс;

      б) жабдық қолжетімділігі шектеулі кеден органдарының арнайы үй жайларында орнатылуы тиіс;

      в) ТБЖ-ны кеден органдарының жергілікті ақпараттық желісіне қосу Одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сертификатталған немесе мемлекеттік сараптамадан өткен ақпаратты қорғау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      10. ТБЖ бейнеақпаратты көрсету жабдығы:

      а) тәулік бойы жұмыс істеуді;

      б) бейне сурет форматы кемінде 2 мегапиксель болуын;

      в) диагоналі кемінде 23 дюйм болатын бір бейнемониторда бір мезгілде 4 бейнекамераға дейін қарауды қамтамасыз етуі тиіс.

      11. Резервтік қоректендіру жабдығында 220 В сыртқы желіні ажыратқан кезде ТБЖ-ның кем дегенде 30 минут автономды жұмысын қамтамасыз ететін ТБЖ үздіксіз электрмен қоректендіру көзі болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады