Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы" 2023 жылғы 21 наурыздағы № 36 шешіміне (бұдан әрі – № 36 шешім) дау айту туралы, сондай-ақ "ЕСЖБИ" ЖШС және "ҚҚБАИ" ҚБ іс-әрекеттерінде Еуразиялық экономикалық одақ Соты алқасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын бұзушылықтың бар екендігінің дәлелденбегендігі туралы қорытындыларын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – істерді қарау тәртібі) 44, 45 және 46-тармақтарының негізінде "ҚР КПБ" БКҰ жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталуы туралы, "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы" бұдан әрі – "ҚР КПБ" БКҰ) бухгалтерлердің кәсіби ұйымы, "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты" (бұдан әрі – "ЕСЖБИ" ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қырғызстанның кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар институты" (бұдан әрі – "ҚҚБАИ" ҚБ) қоғамдық бірлестігі мен "СИПАЕН" мекемесінің өтініштерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Еуразиялық экономикалық одақ Соты алқасының 2024 жылғы 23 сәуірдегі шешімін орындау үшін, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. № 36 шешімде:
1-тармақтың "ЕСЖБИ" ЖШС және "ҚҚБАИ" ҚБ қатысты бөлігі жойылсын, "ҚР КПБ" БКҰ және "СИПАЕН" мекемесіне қатысты бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын;
3-5 – тармақтардың "ЕСЖБИ" ЖШС, "ҚҚБАИ" ҚБ және "ҚР КПБ" БКҰ қатысты бөлігі жойылсын, "СИПАЕН" мекемесіне қатысты бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Істерді қарауды тоқтатылсын:
Істерді қарау тәртібінің 46-тармағының 1-тармақшасы негізінде "ЕСЖБИ" ЖШС және "ҚҚБАИ" ҚБ қатысты;
Істерді қарау тәртібінің 46-тармағының 4-тармақшасы негізінде "ҚР КПБ" БКҰ қатысты.
3. "ЕСЖБИ" ЖШС және "ҚҚБАИ" ҚБ іс-әрекеттерінде Шарттың 76-бабы 2-тармағының 1-тармақшасының дәлелді бөлігінде (№36 шешімге қосымша) жазылған бұзушылықтардың болуы туралы істі қарау жөніндегі комиссияның қорытындылары дәлелденбеген деп танылсын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы |
Б. Сағынтаев |
