Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем бірліктері мен шоттарының сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 88 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 37 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. I бөлімде:
а) "ұзындық бірліктері – "02" тобында "001" кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
001 | C45 | 015 | НМ | Нанометр | nanometre | nm | нм |
"99" кодты ескертпе: |
";
б) "Техникалық бірліктер – "06" тобында:
"320" кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"320 | C34 | 320 | МОЛЬ | Моль | mole | mol | моль |
"90" кодты ескертпе: |
";
"349" кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"940 | E37 | Пиксель | pixel | пикс | ||||
941 | E38 | Мегапиксель | megapixel | Мпикс |
";
в) "Экономикалық бірліктер – "07" тобында:
"383" кодты позицияға дейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"341 | 341 | КГ УСЛ. ТОПЛ./ГКАЛ | Бір гигакалорияға бір килограмм шартты отын | кг шартты отын/Гкал |
";
"984" кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
984 | 984 | Ц/ГА | Гектардан центнер | ц/га | "90" кодты ескертпе: "Беларусь Республикасының ОКРБ 008-95 "Өлшем бірліктері және шоттары" жалпымемлекеттік сыныптауышында және Қазақстан Республикасында қолданылатын Өлшем бірліктері мен шоттарының халықаралық сыныптауышында "650" коды бар |
";
"9049" кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
9049 | Тонна калий оксиді | т K2O |
"90" кодты ескертпе: |
".
2. II бөлімде:
а) 3 бағандағы 5 позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕК 064-2024 (ред. 1)";
б) 3 бағанның 16 позициясындағы "Өлшем бірліктері және шоттар" сөздері "Өлшемдер бірліктері және шоттар" сөздерімен ауыстырылсын;
в) 3 бағандағы 22 позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 88 шешімімен сенімді көздердің бір сыныптауышындағы жекелеген позицияларына өзгерістер мен жаңа позициялар енгізілді".
3. III бөлімнің 1.3.10. – 1.3.10.4. позициялары мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.3.10. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларында айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 1 |
1.3.10.1. Қолданысы басталған күн | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді | 1 |
1.3.10.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларында айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 1 |
*.1. Акт түрінің коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түріне сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
1.3.10.3. Қолданысы аяқталатын күн | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысының аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 |
1.3.10.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларында айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 0..1 |
*.1. Акт түрінің коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түріне сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
".
