Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының 2021 жылғы реттеуші әсеріне бағалау жүргізу мониторингі туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның жыл сайынғы есебі туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 9 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының 2021 жылғы реттеуші әсеріне бағалау жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіру және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының II бөлімінің 9.1.6 және 9.1.15-тармақшаларын іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау тетігін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады