Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 62 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 1 маусымдағы
№ 62 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарлардың орнын ауыстыру ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша) 176 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"177

Инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе оларға қатысты кедендік бажды және қосылған құн салығын төлеу жөніндегі шығындарды өтеу үшін демеуқаржы берілетін жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар (акцизделетін тауарлардан басқа) (Ресей Федерациясы үшін)

178

177 кодта көрсетілген тауарлардан басқа инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтардың аумақтарында жылжымайтын мүлік объектілерін салу, жабдықтау және техникалық жарақтандыру кезінде пайдалану мақсаттары үшін әкелінетін немесе жобаға қатысушылардың ғылыми-технологиялық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)".

      2. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 3-бөлімде 03031 кодты позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"03031

Валюталық бақылау саласында талаптардың сақталуын растайтын құжат:
мәміленің тіркеу нөмірі/валюталық шарттың тіркеу нөмірі (Беларусь Республикасы үшін) келісімшарттың есептік нөмірі (валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілікті қамтамасыз етуге арналған, уәкілетті банк экспорт/импорт көзделетін валюталық шартқа беретін тіркеу нөмірі) не болмаса мәміле паспортының нөмірі (Қазақстан Республикасы үшін)
келісімшарттың бірегей нөмірі (уәкілетті банк келісімшартты есепке қойған кезде берілетін нөмір) не болмаса мәміле паспортының нөмірі (Ресей Федерациясы үшін)";

      б) 9-бөлімде 09990 кодты позиция алып тасталсын;

      в) 10-бөлімде 10062 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10063

Федералдық кеден қызметі мен инновациялық ғылыми-технологиялық орталықтың басқарушы компаниясы арасында Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 1443 қаулысында белгіленген тәртіппен федералдық бюджеттен демеуқаржы беру туралы келісім (Ресей Федерациясы үшін)

10064

Кәдеге жарату алымын есептеу (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін)";

      г) мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:

"12. Кедендік бақылауды және кедендік сараптаманы өткізу нәтижелері туралы кедендік құжаттар

12001

Түсініктеме

12002

12003 және 12006 кодты позицияларда аталған құжаттардан басқа, кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі

12003

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өздерімен бірге алып жүретін багажда жеке пайдалану үшін орнын ауыстыратын тауарларды кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі

12004

Жеке кедендік тексеру актісі

12005

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісі

12006

Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды кедендік тексеру (кедендік қарау) актісі

12007

Камералдық кедендік тексеруді өткізу нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат

12008

Көшпелі кедендік тексеруді өткізу нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат

12009

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

12010

Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша жасалған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес ресімделген акт немесе өзге де құжат

12990

Кедендік тексеру мен кедендік сараптаманы өткізу нәтижелері туралы өзге де құжаттар".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады