Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 щешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары;
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде кедендік бақылауды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграциялық ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті;
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграциялық ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасы;
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне қосылу тәртібі бекітілсін.
2. Мыналар:
а) осы Шешіммен бекітілген, электронды құжаттар мен мәліметтердің құрылымдарының техникалық схемаларын әзірлеу және сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпарат жүйесінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын электронды құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары тізілімінде оларды орналастыруды қамтамасыз ету, құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпарат жүйесін құру және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру кіретін Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті жүзеге асырады;
б) осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 6-8-тармақтарына сәйкес қосылу рәсімін орындау мерзімі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жылды құрайды деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 163 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) құқығын құрайтын мынадай халықаралық щарттар мен актілерге сәйкес әзірленген:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;
2010 жылғы 18 маусымдағы кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кеден аймағының кедендік рәсім мәселелері жөніндегі келісім;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын адамдардың, бос қоймалардың иелерінің, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімдерін қалыптастыру туралы" 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 271 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестердің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 щешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпарат жүйесінде деректерді электронды алмасу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 5 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлесімді ету және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі.
ІІ. Қолдану саласы
2. Осы Қағидалар осы жалпы процесс шеңберінде орындалатын рәсімдердің сипаттамасын қоса алғанда, "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне (бұдан әрі – жалпы процесс) қатысушылар арасында ақпараттық өзара іс-қимылдың тәртібі мен шарттарын айқындау мақсаттарында әзірленді.
3. Осы Қағидаларды жалпы процесс шеңберінде рәсімдер мен операцияларды орындау тәртібін бақылау кезінде, сондай-ақ, жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің құрамдастарын жобалау, әзірлеу және пысықтау кезінде жалпы процеске қатысушылар қолданады.
ІІІ. Негізгі ұғымдар
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін келесі ұғымдар пайдаланылады:
"тарихи деректер" - құрылған кезінен бастап, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімінде сақталатын және өзгерістер енгізу көзделмейтін ақпарат;
"ұлттық тізілім" - Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімі;
"ЕЭА резиденті" - еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың резиденті (қатысушысы);
"жалпы процестің ақпарат объектісінің жай-күйі" - ақпарат объектісін оның белгілі бір өмірлік кезеңінде сипаттайтын және жалпы процесс операцияларын орындау кезінде өзгеретін қасиеті.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын, "жалпы процесс рәсімдерінің тобы", "жалпы процестің ақпарат объектісі", "атқарушы", "жалпы процесс операциясы", "жалпы процесс рәсімі" және "жалпы процеске қатысушы" ұғымдары жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлесімді ету және сипаттау әдістемесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлесімді ету және сипаттау әдістемесінде айқындалған мәндерімен қолданылады.
IV. Жалпы процесс туралы негізгі мәліметтер
5. "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің толық атауы.
6. Жалпы процестің кодтық белгіленуі: P.CC.O3, 1.0.0. нұсқасы).
1. Жалпы процестің мақсаттары мен міндеттері
7. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру тетіктерін іске асыру және ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жалпы процеске қатысушыларға ұсыну жалпы процестің мақсаты болып табылады.
8. Жалпы процестің мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
а) ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) уәкілетті органдарынан ұлттық тізілімге заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу және оларды шығару, ЕЭА резиденті ретінде қызметті тоқтату (қайта жаңарту), сондай-ақ, ұлттық тізілімде заңды тұлғалардың өзгеруі туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі –Комиссия) мәліметтер алуын қамтамасыз ету;
б) Комиссияға түскен ақпарат негізінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің дереу қалыптасуын және оның Одақтың ақпарат порталында жариялануын қамтамасыз ету;
в) Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпарат жүйелерінде пайдалану мақсатында сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпарат жүйесі (бұдан әрі - интеграцияланған жүйе) арқылы ЕЭА жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
г) ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтерді Одақтың ақпарат порталында орналасқан сервистерді пайдалана отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпарат жүйелерінің сауалдары бойынша ұсынуды қамтамасыз ету.
2. Жалпы процеске қатысушылар
9. Жалпы процеске қатысушылардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Жалпы процеске қатысушылардың тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.ACT.001 | Комиссия | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға жауапты Комиссияның құрылымдық бөлімшелері |
P.CC.03.ACT.001 | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы | ұлттық тізілімді жүргізуге және ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру үшін оны Комссияға ұсынуға, сондай-ақ, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді пайдалануға уәкілетті мүше мемлекеттің атқарушы өкімет органы |
P.CC.03.ACT.002 | кедендік бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің уәкілетті органы | Кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтерді пайдалануға уәкілетті мүше мемлекеттің атқарушы өкімет органы |
P.CC.03.ACT.003 | мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы | өз қызметінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтерді пайдаланатын, ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы (P.CC.03.ACT.001) немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің уәкілетті органы (P.CC.03.ACT.002) |
P.CC.03.ACT.004 | мүдделі тұлға | өз қызметінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтерді пайдаланатын, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, заңды тұлға немесе жеке тұлға |
3. Жалпы процестің құрылымы
10. Жалпы процесс мақсаты бойынша топтастырылған рәсімдердің жиынтығы болып табылады:
а) ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері;
б) мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері;
в) ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері.
11. Жалпы процесс рәсімдерін орындау кезінде ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан алынған, ұлттық тізілімдердегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер негізінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ, ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, кедендік бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және мүдделі тұлғаларға ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну жүзеге асырылады.
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру кезінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу және алып тастау, сондай-ақ, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдерінің тобына енгізілген, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өзгерту рәсімдері орындалады.
Мәліметтерді сұратқан мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылған кезде мәліметтерді сұратқан мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ұсынуда келесі рәсімдер орындалады:
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу;
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу;
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу.
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну кезінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдерінің тобына енгізілген, "Одақтың ақпараттық порталы арқылы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімі орындалады.
12. 1-суретте жалпы процестің құрылымының сипаттамасы келтірілген:
1-сурет. Жалпы процестің құрылымы
13. Операциядарды егжей-тегжейлі сипаттауды қоса алғанда, мақсаты бойынша топтастырылған жалпы процестің рәсімдерін орындау тәртібі осы Қағидалардың VIII бөлімінде келтірілген.
14. Рәсімдердің әрбір тобы үшін жалпы процестің рәсімдері арасындағы байланысты көрсететін жалпы схема және оларды орындау тәртібі көрсетілген. Рәсімдердің жалпы схемасы UML графикалық нотациясы (моделдеудің жетілдірілген тілі - Unified Modeling Language) пайдаланыла отырып, жасалған.
4. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдерінің тобы
15. Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұлттық тізілімдегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі туралы (қосу, алып тастау) ақпарат алған кезде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері орындалады.
Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органында ұлттық тізілімді жүргізу кезінде осы мемлекеттің заңнамасындағы талаптарға сәйкес ұлттық тізілімге заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу туралы құжаттардың тіркеу нөмірлерінің ерекшелігі қамтамасыз етіледі.
Ұлттық тізілімге заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" рәсімі орындалады (P.CC.03.PRС.001). ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу кезінде мәлімделген заңды тұлғалар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімі орындалады (P.CC.03.PRС.002).
Ұлттық тізілімнен заңды тұлғалар туралы мәйліметтерді алып тастау кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімі орындалады (P.CC.03.PRС.003).
Егер ұлттық тізілімге өзгерістер енгізу процесінде ұлттық тізілімге заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізілгенін растайтын құжаттың тіркеу нөмірі өзгерген жағдайда, заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну: "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" (P.CC.03.PRС.003) және "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" (P.CC.03.PRС.001) 2 рәсімі орындала отырып, жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 163 шешімімен (бұдан әрі - ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) бекітілген, "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде аталған мәліметтерді жүзеге асыру ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты Еуразиялық экономиклық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті)не сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 163 шешімімен (бұдан әрі – Электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасы) бекітілген, "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын Электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс.
16. 2-суретте ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері тобының сипаттамасы келтірілген.
2-сурет. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері тобының сипаттамасы
17. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі
2-кесте
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03.PRС.001 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу | Рәсім ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыру және Комиссияға ұсыну үшін арналған |
P.CC.03.PRС.002 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі | Рәсім ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыру және Комиссияға ұсыну үшін арналған |
P.CC.03.PRС.003 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау | Рәсім ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы ақпаратты қалыптастыру және Комиссияға ұсыну үшін арналған |
5. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдерінің тобы
18. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдері мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерінен Комиссия тиісті сауалды алу кезінде орындалады.
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдерін орындау шеңберінде мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерінен түсетін келесі сауалдардың түрлері өңделеді:
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты сұрату,
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрату;
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы сұрату.
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі және Комиссияда сақталатын заңды тұлғалар туралы мәліметтермен ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпарат жүйесінде сақтауды ілестіру қажеттілігін бағалау мақсатында мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты сұратады. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты сұратуды жүзеге асыру кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты сұрату" рәсімі орындалады (P.CC.06.PRС.004).
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі, Комиссияда сақталатын барлық заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының алуы мақсатында ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтер сұратылады. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер тарихи деректер ескеріле отырып, не белгілі бір күні мен уақыттағы жағдай бойынша толық көлемде сұратылады. Мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпарат жүйесіне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бастапқы салу кезінде толық көлемде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрату пайдаланылады. Сұратуды жүзеге асыру кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алу" (P.CC.06.PRС.005) рәсімі орындалады.
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату кезінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне қосылған немесе осы сұрау салуға дейін, сұратуда көрсетілген кезден бастап, оларға өзгерістер енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылады. Сұратуды жүзеге асыру кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" рәсімі орындалады (P.CC.06.PRС.006).
Аталған мәліметтерді ұсыну ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 163 шешімімен бекітілген, "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде кедендік бақылауды жүзеге асыратын Еуразиялық экономиклық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне (бұдан әрі – Кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 163 шешімімен бекітілген, "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушыларының) жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасын интеграцияланған ақпарат жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын, электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына (бұдан әрі - Электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасы) сәйкес болуға тиіс.
19. 3-суретте ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдері тобының сипаттамасы келтірілген.
3-сурет. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдері тобының жалпы схемасы
20. 3-кестеде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі келтірілген.
3-кесте
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсыну рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03.PRС.004 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу | рәсім мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпарат жүйесінде сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтермен ілестіру қажеттілігін мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының бағалау мақсаты үшін арналған |
P.CC.03.PRС.005 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу | Рәсім ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға арналған |
P.CC.03.PRС.006 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу | рәсім мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпарат жүйесінде сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтермен ілестіру мақсаты үшін арналған |
6. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдерінің тобы
21. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері Одақтың ақпарат порталын пайдалану арқылы орындалады.
Одақтың ақпарат порталы арқылы заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну кезінде осы порталдың веб-интерфейсы не осы порталда орналасқан сервистер пайдаланылады.
Пайдаланушы веб-интерфейсты пайдалану кезінде браузердің терезесінде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді іздеудің және (немесе) қосудың өлшемдерін береді, браузердің терезесінде ұсынылған, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен ақпаратпен жұмысты жүзеге асырады.
Одақтың ақпарат порталында орналасқан сервистерді пайдалану кезінде мүдделі тұлғаның ақпарат жүйесі және Одақтың ақпарат порталы арасында өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
22. 4-суретте ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері тобының сипаттамасы келтірілген.
4-сурет. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері тобының жалпы схемасы
23. 4-кестеде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі келтірілген.
4-кесте
ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну рәсімдері тобына кіретін жалпы процесс рәсімдерінің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03.PRС.007 | Одақтың ақпарат порталы арқылы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу | рәсім Одақтың ақпарат порталы арқылы осы порталдың веб-интерфейсын не осы порталда орналасқан сервистерді пайдалана отырып, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу үшін арналған |
V. Жалпы процестің ақпараттық объектілері
24. 5-кестеде жалпы процеске қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде олар туралы немесе олардан мәліметтер берілетін ақпараттық объектілердің тізбесі келтірілген.
5-кесте
Ақпараттық объектілердің тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03.BEN.001 | Заңды тұлғалар туралы мәліметтер | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға ұсынған, ұлттық тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер |
P.CC.03.BEN.002 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жай-күйі туралы ақпарат | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат |
P.CC.03.BEN.003 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімі | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер |
VI. Жалпы процеске қатысушылардың жауапкершілігі
25. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, Одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес, ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін мәліметтердің уақтылы және толық берілуін қамтамасыз етуге бағытталған талаптардың сақталмағаны үшін, ал мүше мемлекеттердіцң уәкілетті органдарының адамдары мен қызметкерлерін – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту жүзеге асырылады.
VII. Жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарының тізбесі
26. 6-кестеде жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарының тізбесі келтірілген
6-кесте
Жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Тұрпаты | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
P.CC.03.S.001 | Әлем елдерінің сыныптауышы | сыныптауыш | Елдердің атауларының тізбесі және оларға сәйкес кодтар болады (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес) |
VIII. Жалпы процестің рәсімдері
1. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу рәсімдері
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" рәсімі (P.CC.03.PRС.001)
27. 5-суретте "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" (P.CC.03.PRС.001) рәсімін орындау схемасы ұсынылған.
5-сурет. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" рәсімін орындау схемасы (P.CC.03. PRС.001)
28. Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы заңды тұлғалар туралы мәліметтерді ұлттық тізілімге енгізу кезінде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" рәсімі (P.CC.03. PRС.001) орындалады.
29. Алдымен, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" (P.CC.03.OPR.001) рәсімі орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметті қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.
30. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.002) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізіледі және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғаларды енгізу туралы хабарлама жіберіледі.
31. Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғаларды енгізу туралы хабарламаны алған кезде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны алу" операциясы (P.CC.03.OPR.003) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғаларды енгізу туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.
32. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.002) орындалған жағдайда, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жариялау" (P.CC.03.OPR.004) операциясы орындалады.
33. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалардың енгізілуі және Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жариялануы "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" (P.CC.03.PRС.001) рәсімін орындау нәтижелері болып табылады.
34. 7-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" рәсімі (P.CC.03.PRС.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
7-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізу" (P.CC.03.PRС.001) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03. OPR.001 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну | Осы Қағидалардың 8-кестесінде келтіріген |
P.CC.03. OPR.002 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 9-кестесінде келтіріген |
P.CC.03. OPR.003 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны алу | Осы Қағидалардың 10-кестесінде келтіріген |
P.CC.03. OPR.004 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жариялау | Осы Қағидалардың 11-кестесінде келтіріген |
8-кесте
(ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" (P.CC.03. OPR.001) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03. OPR.001 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындаудың шарттары | ұлттық тізілімге заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу кезінде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органдары және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер Комиссияға берілген |
9-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (CC.03. OPR.002) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | (P.CC.03. OPR.002) |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді Комиссия алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" операциясы (P.CC.03. OPR.001) |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны қалыптастырады және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер өңделген, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарлама ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілген |
10-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны алу" (P.CC.03.OPR.003)
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.003 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны алу |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны орындаушы алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.002 ) |
5 | Шектеулер | Хабарламаның пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы хабарламаны қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу туралы хабарлама өңделген |
11-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жариялау" операциясының (P.CC.03.OPR.004) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.004 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жариялау |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу кезінде орындалады хабарламаны орындаушы алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілетін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.002 ) |
5 | Шектеулер | - |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жариялауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | заңды тұлғалар туралы енгізілген мәліметтерден тұратын ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімі Одақтың ақпарат порталында жарияланған |
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімі (P.CC.03.PRC.002)
35. 6-суретте "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімін (P.CC.03. PRC.002) орындаудың схемасы ұсынылған
6-сурет. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімін (P.CC.03.PRC.002) орындаудың схемасы
36. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімі (P.CC.03. PRC.002) ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұлттық тізілімге өзгерістер енгізген кезде орындалады.
37. Алдымен, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.005) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.
38. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.006) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінде заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жаңарту жүзеге асырылады және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жіберіледі.
39. Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алған кезде ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алу операциясы (P.CC.03.OPR.007) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.
40. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.006) орындалған жағдайда, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялау операциясы (P.CC.03.OPR.008) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтер Одақтың ақпарат порталында жарияланады.
41. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу және Одақтың ақпарат порталында заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтердің жариялануы "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімінің (P.CC.03.OPR.002) орындалу нәтижелері болып табылады.
42. 12-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімі (P.CC.03.PRC.002) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
12-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруі" рәсімі (P.CC.03. PRC.002) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
P.CC.03.OPR.005 | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну | Осы Қағидалардың 13-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.006) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 14-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.007) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алу | Осы Қағидалардың 15-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.008) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялау | Осы Қағидалардың 16-кестесінде келтірілген |
13-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" операциясының (P.CC.03.OPR.005) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.005 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындаудың шарттары | Ұлттық тізілімге өзгерістер енгізу кезінде орындалады |
5 | Шектеулер | Ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операциялардың сипаттамасы | Орындаушы ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады |
7. | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер Комиссияға берілген |
14-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясының (P.CC.03.OPR.006) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | (P.CC.03.OPR.006) |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алу кезінде орындалады "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.005) |
5 | Шектеулер | Ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс. |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізеді, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны қалыптастырады және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтер өңделген, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілді |
15-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алу" операциясының (P.CC.03.OPR.007) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.007 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алу |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындаудың шарттары | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.006)) |
5 | Шектеулер | Хабарламаның пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияны сипаттау | Орындаушы ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама өңделген |
16-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялау" операциясының сипаттамасы (P.CC.03.OPR.008)
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.008 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялау |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу кезінде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне өзгерістер енгізу үшін заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.006)) |
5 | Шектеулер | - |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтерді жариялауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы жаңартылған мәліметтер Одақтың ақпарат порталында жарияланған |
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімі (P.CC.03.PRC.003)
43. 7-суретте ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімін (P.CC.03. PRC.003) орындау схемасы ұсынылған.
7-сурет. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімін (P.CC.03. PRC.003) орындау схемасы
44. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімі (P.CC.03. PRC.003) ұлттық тізілімнен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау кезінде орындалады.
45. Алдымен, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау үшін мәліметтер ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.009) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.
46. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы (P.CC.03.OPR.010) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен тиісті заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау жүзеге асырылады және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы хабарлама ұсынылады.
47. Ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы хабарлама алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы хабарламаны алу" операциясы (P.CC.03.OPR.011) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу жүзеге асырылады.
48. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу (P.CC.03.OPR.010) операциясы орындалған жағдайда, ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялау (P.CC.03.OPR.012) операциясы орындалады.
49. Комиссияда ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы мәліметтерді өңдеу, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне тиісті ақпараттың енгізілуі және Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялау "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" (P.CC.03.PRC.003) рәсімін орындау нәтижелері болып табылады.
50. 17-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімі (P.CC.03.PRC.003) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
17-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау" рәсімі (P.CC.03. PRC.003) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
(P.CC.03.OPR.009) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтер ұсыну | Осы Қағидалардың 18-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.010) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 19-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.011) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы хабарламаны алу | Осы Қағидалардың 20-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.012) | ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялау | Осы Қағидалардың 21-кестесінде келтірілген |
18-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтер ұсыну" (P.CC.03.OPR.009) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.009 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтер ұсыну |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындаудың шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау кезінде орындалады |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметті қалыптастырады және Комиссияға ұсынады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау үшін мәліметтер Комиссияға ұсынылған |
19-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясының (P.CC.03.OPR.010) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.010 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді алған кезде орындалады (ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтер ұсыну операциясы (P.CC.03.OPR.009 ) |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс. |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастайды, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы хабарламаны қалыптастырады және ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтер өңделген, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы хабарлама ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілген |
20-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы хабарламаны алу" операциясының (P.CC.03.OPR.011) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.011 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы хабарламаны алу |
3 | Орындаушы | ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы) (P.CC.03.OPR.010) |
5 | Шектеулер | хабарламаның пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алып тастау туралы хабарлама өңделген |
21-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялау" операциясының (P.CC.03.OPR.012) сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.012 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялау |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімін жаңарту кезінде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғаларды алып тастау үшін мәліметтерді қабылдау және өңдеу" операциясы) (P.CC.03.OPR.010) |
5 | Шектеулер | - |
6 | Операцияның сипаттамасы | Орындаушы Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімін жариялауды жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | Одақтың ақпарат порталында ЕЭА резиденттерінің жаңартылған жалпы тізілімі жарияланған |
2. Мәліметтерді сұрататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғғалар туралы мәліметтерді ұсыну рәсімдері
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.004)
51. 8-суретте "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімін (P.CC.03. PRC.004) орындау рәсімі ұсынылған.
52. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03. PRC.004), Комиссияда сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен тиісті ақпаратпен, мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты ілестіру қажеттілігін бағалау мақсатында орындалады.
53. Алдымен, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат сұрату" операциясы (P.CC.03.OPR.013) орындалады, оны орындау нәтижесі бойынша мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты алуға сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияға жібереді.
54. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты сұрату алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.014) орындалады, оны орындау нәтижесі бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат қалыптастырылады және мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылады.
55. Мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.015) операциясы орындалады.
56. Мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты алуы "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.004) орындау нәтижесі болып табылады.
57. 22-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03. PRC.004) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
22-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03. PRC.004) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
(P.CC.03.OPR.013) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат сұрату | Осы Қағидалардың 23-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.014) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну | Осы Қағидалардың 24-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.015) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 25-кестесінде келтірілген |
23-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат сұрату" (P.CC.03.OPR.013)
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.013 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат сұрату |
3 | Орындаушы | мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | Комиссияда сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен тиісті ақпаратпен, мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде сақталатын, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты ілестіру қажеттілігі туындаған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | салынған сұраудың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат ұсынуға сұрау салуды қалыптастырады және Комиссияға жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратқа сұрау салу Комиссияға жіберілген |
24-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.014) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.014 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты алуға сұрау салуды алған кезде орындалады (ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат сұрату) (P.CC.03.OPR.013) |
5 | Шектеулер | сұрау салудың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы алынған сұрау салуды өңдеуді жүзеге асырады, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты қалыптастырады және жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат, мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберілген |
25-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.015) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.015 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | Орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.014)) операциясы |
5 | Шектеулер | ұсынылатые мәліметтердің пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы алынған ақпаратты қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алынған |
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.005)
58. 9-суретте "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.005) орындау схемасы ұсынылған.
9-сурет. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.005) орындау схемасы
59. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.005) мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органының ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу мақсатында орындалады.
60. Алдымен, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер сұрату" (P.CC.03.OPR.016) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға сұратуды қалыптастырады және Комиссияға жібереді.
Берілген өлшемдерге байланысты, сауалдың 2 түрі қалыптастырылуы мүмкін:
тарихи деректер ескеріле отырып, толық көлемде, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға сауал;
белгілі бір күн мен уақыттағы жағдай бойынша заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға сауал;
61. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға сауал алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.017) операциясы орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер қалыптастырылады және мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органына жіберіледі немесе берілген өлшемдерді қанағаттандыратын мәліметтердің болмағандығы туралы хабарлама жіберіледі.
62. Мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдерін қанағаттандыратын мәліметтердің болмағандығы туралы хабарлама алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.018) операциясы орындалады.
63. Мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер немесе сауалдың өлшемдерін қанағаттандыратын мәліметтердің болмағандығы туралы хабарлама алуы "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.005) орындау нәтижелері болып табылады.
64. 26-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.005) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
26-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу" рәсімі" (P.CC.03.PRC.005) шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
(P.CC.03.OPR.016) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер сүрату | Осы Қағидалардың 27-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.017) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу және ұсыну | Осы Қағидалардың 28-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.018) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 29-кестесінде келтірілген |
27-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер сұрату" (P.CC.03.OPR.016) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.016 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер сұрату |
3 | Орындаушы | мәліметті сұрататын мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу қажеттілігі туындаған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | сауалдың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуға сауалды қалыптастырады және Комиссияға жібереді. Тарихи деректер ескеріле отырып, толық көлемде, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу қажеттілігі туындаған кезде сауалдағы күннің өзектілігі көрсетілмейді. Белгілі бір күн мен уақыттағы жағдай бойынша, заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу қажеттілігі туындаған кезде, сауалда ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің өзектілігі көрсетілуге тиіс. Белгілі бір мүше мемлекеттер ұсынған, заңды тұлғалар туралы мәліметтер негізінде, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу қажеттілігі туындаған кезде, сауалда осы мүше мемлекеттердің кодтары көрсетіледі |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алу үшін сауал Комиссияға жіберілген |
28-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.017) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.017 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу және ұсыну |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді алуға сауалды алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерге сауал" операциясы) (P.CC.03.OPR.016) |
5 | Шектеулер | сауалдың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттардың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы сауалды өңдеуді жүзеге асырады, Сауалда көрсетілген өлшемдерге сәйкес, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметті қалыптастырады және мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынады. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен толық ақпарат ұсыну кезінде, тарихи деректерді қоса алғанда, тізілімде сақталған барлық жазбаларды ұсыну жүзеге асырылады. Көрсетілген күндегі жағдай бойынша, мәліметтер ұсыну кезінде сауалда көрсетілген күндегі жағдай бойынша, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміндегі мәліметтерді таңдау жүзеге асырылады. Барлық елдер бойынша не сауалда көрсетілген мүше мемлекеттердің кодтары ескеріле отырып, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтерді таңдау жүзеге асырылады. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінде сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмаған кезде, мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына сұратылған мәліметтердің болмағандығы туралы хабарлама жіберіледі. |
7 | Нәтижелер | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылған немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарлама жіберілген |
29-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.018) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.018 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу және ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.017) |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің немесе хабарламаның пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаны алады және оларды өңдеуді жүзеге асырады |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер не сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарлама өңделген |
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.006)
65. 10-суретте "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.006) орындау схемасы ұсынылған.
10-сурет. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" рәсімін (P.CC.03.PRC.006) орындау схемасы.
66. "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" рәсімі (P.CC.03.PRC.006) осы сауал орындалған кезге дейін, сауалда көрсетілген кезден бастап, олар ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне қосылған немесе оларға өзгерістер енгізілген, мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алуы мақсатында орындалады. Егер соның ішінде, "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің жаңартылған күні мен уақыты туралы ақпарат алу" (P.CC.03.PRC.004) рәсімін орындау нәтижесінде мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер алған күні мен уақыты Комиссияда ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінің өзгерген күні мен уақытынан мейлінше бұрын екендігі анықталса, рәсім орындалады.
67. Алдымен, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату операциясы (P.CC.03.OPR.019) орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алуға сауалды қалыптастырады және Комиссияға жібереді.
68. Комиссия ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алуға сауалды алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.020) рәсімі орындалады, оны орындау нәтижелері бойынша сауалда көрсетілген күн мен уақыттан бастап, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер қалыптастырылады және мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылады немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарлама жіберіледі.
69. Мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаны алған кезде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.021) рәсімі орындалады.
70. Мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтер алуы және мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы және Комиссия арасында ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен мәліметтерді ілестіру "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" (P.CC.03.OPR.006) рәсімін орындау нәтижелері болып табылады.
71. 30-кестеде "ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" (P.CC.03.OPR.006) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі келтірілген.
30-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алу" (P.CC.03.OPR.006) рәсімі шеңберінде орындалатын жалпы процесс операцияларының тізбесі
Кодтық белгіленуі | Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
(P.CC.03.OPR.019) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату | Осы Қағидалардың 31-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.020) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну | Осы Қағидалардың 32-кестесінде келтірілген |
(P.CC.03.OPR.021) | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу | Осы Қағидалардың 33-кестесінде келтірілген |
31-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату" (P.CC.03.OPR.019) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.019 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату |
3 | Орындаушы | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты алу қажеттілігі туындаған кезде орындалады |
5 | Шектеулер | сұратудың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін сәйкес, орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты алуға сауалды қалыптастырады және Комиссияға жібереді |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты алуға сауал Комиссияға жіберілген |
32-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" (P.CC.03.OPR.020) операциясының сипаттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.020 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну |
3 | Орындаушы | Комиссия |
4 | Орындау шарттары | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алуға сауалды алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат сұрату" операциясы) (P.CC.03.OPR.019) |
5 | Шектеулер | сауалдың пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс. Электронды құжаттардың (мәліметтердің) реквизиттері ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы | ұлттық тізлімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, орындаушы алынған сауалды өңдеуді жүзеге асырады, ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаны қалыптастырады және мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынады |
7 | Нәтижелер | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарлама жіберілген |
33-кесте
"ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу" (P.CC.03.OPR.021) операциясының сипттамасы
т/р № | Элементті белгілеу | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Кодтық белгіленуі | P.CC.03.OPR.021 |
2 | Операцияның атауы | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу |
3 | Орындаушы | мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы |
4 | Орындау шарттары | орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаны алған кезде орындалады ("ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы өзгерген мәліметтер туралы ақпаратты өңдеу және ұсыну" операциясы (P.CC.03.OPR.020) |
5 | Шектеулер | ұсынылатын мәліметтердің немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтер болмағандығы туралы хабарламаның пішімі мен құрылымы электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына сәйкес болуға тиіс |
6 | Операцияның сипаттамасы |
орындаушы ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді немесе сауалдың өлшемдері қанағаттандырылатын мәліметтің болмағандығы туралы хабарламаны алады және оларды өңдеуді жүзеге асырады. ЕЭА резиденттерінің жалпы тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер алынған кезде өңдеу келесі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады: |
7 | Нәтижелер | ЕЭА резиденттерінің жалпы тізілімінен заңды тұлғалар туралы мәліметтер Комиссия және мәліметті сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында ілестірілген |
IX. Оқыс жағдайлардағы іс-қимылдардың тәртібі
72. Жалпы процесс рәсімдерін орындау кезінде деректерді өңдеу қалыпты жағдайда мүмкін болмайтын ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Бұл техникалық іркілістер, құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау қателіктер және өзге де жағдайларда болуы мүмкін.
73. Құрылымдық және форматтық-логикалық бақылау қателіктері туындаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұлттық тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес, электронды құжаттар мен мәліметтердің пішімдері мен құрылымдарының сипаттамасына және электронды құжаттар мен мәліметтерді толтыру талаптарына сәйкестігі тұрғысында, кемшіліктер жөнінде алынған хабарламаға қатысты тексеруді жүзеге асырады. Мәліметтердің аталған құжаттар жөніндегі талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы анықталған кемшіліктерді белгіленген тәртіппен жою жөнінде қажетті шаралар қолданады.
74. Оқыс жағдайларды шешу мақсатында мүше мемлекеттер осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындау құзыретіне кіретін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары туралы бір-бірін және Комиссияны хабардар етеді, сондай-ақ, жалпы процесті іске асыру кезінде техникалық қолдауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар туралы мәліметтер ұсынады.