"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын:
1) "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VІІІ шешімі;
2) "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 14/117-VІІІ шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |