"Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 219 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" және Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулыларына сәйкес, Атырау қаласы Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 7 есеге дейін бірыңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.

      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.

      Мәслихат төрағасы А. Құлбарахов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады