Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасына, 43-бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы А.М. Магимовтың 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округінің Сырымбет ауылындағы Уалиханов, Юбилейная көшелерде орналасқан КТП № 12-6 және одан тарайтын ВЛ-0,4 кВ ф.1, ф.2 қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,0201 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін.
Жердің санаты: елді мекен жерлері.
2. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі санитариялық-экологиялық нормалар, тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану нормаларының сақталуы жөніндегі мен нормаларды, уәкілетті органдарға жерасты және жер үсті коммуникацияларын салу және пайдалану үшін, аралас жер пайдаланушылардың бөгет жасамасын.
Жер учаскесі бөлінеді деп есептелсін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық нұсқадағы көшірмесін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз ету;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Сырымбет ауылдық округі әкімдігі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылдық округ әкімі | М. Бекенов |
