"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына, "Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кирпичный кентінің балаларын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 12 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау сызбасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "14" тамыздағы № 1739 | |
| қаулысына қосымша |
Кирпичный кентінің балаларын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 12 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау сызбасы

