Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 704/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес елді мекендердің жерлері санатынан жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану шартымен қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 704/1 қаулысына
қосымша

"Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі

      1. Жылумен жабдықтаудың орам желілерін қайта жаңарту үшін Павлодар қаласы, "Химқалашық" шағынауданы мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 6,8188 га жер телімі;

      2. Жылумен жабдықтаудың орам желілерін қайта жаңарту үшін Павлодар қаласы, "Дачный" шағынауданы мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 1,9250 га жер телімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады