Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 233 шешімі

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 – бабы 8 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы мынадай әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Булатов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ұзынкөл ауданының экономика

      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ А. Лагушина

      2026 жылғы "24" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады