Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № KZ91VBG01696289 "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастырудың жерге орналастыру жобаларын бұйрығы туралы және жерге орналастыру жобасын бекіту негізінде, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Юльев ауылының аумағында орналасқан, ауданы – 0,4826 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне су құбырларының жүйелеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін сервитут белгіленсін.

      2. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) Осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4) Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады