Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 01 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 10 наурыздағы №4 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Ержан Еркинбаевич Темиров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады