Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 39/06 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарт негізінде немесе өтеусіз негізде үй-жайлар айқындалсын.

      2. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 07/88 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Л.Т. Ақылжановаға жүктелсін.

      Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "11" маусым № 39/06
қаулысына қосымша

Қарағанды қаласында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізуге арналған үй-жайлардың тізбесі

Кездесулер өткізуге арналған үй-жайлар

Үй-жайдың мекенжайы

1.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінің акт залы

Мұқанов көшесі, 41.

2.

Саңыраулар мәдениет үйінің акт залы

Н. Әбдіров даңғылы, 31.

3.

Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің акт залы

Баженов көшесі, 164.

4.

"Өрлеу" "Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы филиалы – Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының акт залы

Жәнібеков көшесі, 42.

5.

"Жаңа Майқұдық" мәдениет үйі

Магнитогорская көшесі, 19.

6.

"Молодежный" мәдениет үйі

Металлистов көшесі, 24/2.

7.

"Теміржолшылар" мәдениет үйі

Мәметова көшесі, 111.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады