Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 1047 қбп қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 141,5 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан елді мекендердің жерлері санатына ауыстырылсын.
2. "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Жетісу облысы Алакөл ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
3. Жетісу облысы Алакөл ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда, алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | Б.Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "19" мамырдағы № 142 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы алаңы, гектар | оның ішінде, гектар: | ||||
орман көмкерген | орман көмкермеген | жайылымдар | шабындықтар | басқа да жерлер | ||
"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 141,5 | - | 141,5 | - | - | - |
Барлығы: | 141,5 | - | 141,5 | - | - | - |
