Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 20 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 – бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Актас Энерджи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Шу ауданы аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен "Солтүстік Мирный" ҚС-нан "Шу" ҚС-на дейін 1ГВт қуат беретін 500кВ әуе желісінің құрылысын жүргізу үшін жалпы алаңы 1146,1916 гектар жер учаскесінде 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Актас Энерджи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінеәуе желісінің құрылысын жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және әуе желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Джанибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады