"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақбайұлы Нұркелдіге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е.Карентаев |
| Мойынқұм ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "21" шілдедегі | |
| № 210 қаулысының қосымшасы |
Мойынқұм ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 |
Кеңес | Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №39, "Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында |
2 |
Бірлік | Бірлік ауылы, Омар Исабеков көшесі №17, "Диас" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы |
Бірлік ауылы, Аманкелді көшесі №10, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сол жағында | ||
3 |
Биназар | Биназар ауылы Аскербек Айтишев көшесі №8, "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның "Биназар ауылының клубы" филиалы ғимаратына қарама-қарсы |
4 |
Қызылтал | Көкжелек ауылы, Биназар көшесі №21, "Жан-Төре" мейрамханасы ғимаратына қарама-қарсы |
А.Назарбеков ауылы, Ғани Мұратбаев көшесі №20, "Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны А.Назарбеков дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының сол жағында | ||
5 |
Қызылотау | Күшаман ауылы, Керім Шалабаев көшесі №12, "Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында |
6 |
Жамбыл | Жамбыл ауылы, Жазылбек Қуаныбаев көшесі №29, "Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жамбыл дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының оң жағында |
7 |
Мойынқұм | Мойынқұм ауылы, Біләл Омаров көшесі №10, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында |
Мойынқұм ауылы, Қайрат Рысқұлбеков көшесі №37, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Балбөбек" бөбекжай бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы | ||
Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №99, "Магнит+" дүкенінің ғимаратының сол жағында | ||
Мойынқұм ауылы, Біләл Омаров көшесі №6, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында | ||
8 |
Қылышбай | Қылышбай ауылы, Өсербек Көшкімбайұлы көшесі №12, "Жеңіс" саябағының оң жағында |
9 |
Қарабөгет | Қарабөгет ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі №11, "Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы |
Құмөзек ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі №15, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында | ||
Сарыөзек ауылы, Жазылбек Қуанышбаев көшесі №54, "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының филиалы "Сарыөзек ауылдық клубы" ғимаратына қарама-қарсы | ||
10 |
Ұланбел | Ұланбел ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі №4, "Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы |
11 |
Хантау | Хантау ауылы, Биназар көшесі №4, "Мойынқұм аудандық орталық аурханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Хантау фельдшерлік-акушерлік тірегі ғимаратының оң жағында |
Қияқты ауылы, Ағыбай батыр көшесі №2Б, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Ағыбай батыр атындағы шағын орталықты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында | ||
12 |
Шығанақ | Шығанақ ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі №13, "Аружан" дүкенінің ғимаратының оң жағында |
Бурылбайтал стансасы, Бурылбайтал көшесі №58, "Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бурыл-Байтал медициналық тірегі ғимаратының сол жағында | ||
Байтал ауылы, Жаңа көшесі №34, "Балқаш" дүкенінің ғимаратының оң жағында | ||
13 |
Мыңарал | Мыңарал ауылы Р.Садықов көшесі №23, "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Мыңарал ауылындағы клубы" филиалы ғимаратының оң жағында |
Мыңарал стансасы, Абай көшесі №38, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Нұр-Ай" бөбекжай бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының оң жағында | ||
Қашқантеңіз стансасы, Теміржолшылар көшесі №20, жеке тұрғын үй ғимаратына қарама-қарсы | ||
14 | Ақсүйек ауылы | Ақсүйек ауылы, Балхаш көшесі №22, "Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында |
15 | Мирный ауылы | Мирный ауылы, 1 мөлтек ауданы көшесі №14, "Алтын" дүкенінің ғимаратының сол жағында |
16 | Ақбақай ауылы | Ақбақай ауылы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі №35, "Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында |