Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы мәслихатының " Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 405-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін ЖАО-ның ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады. Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.";
3) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Оразғалиев |