Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/218-VIII шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жолдау;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихаты төрағасының м.а. | У. Майжанов |
| Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 41/272-VIII шешімімен бекітілген Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/218-VIII шешімімен бекітілген |
Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Арнаулы су пайдалану түрі (өлшем бірлігі) | ||||||
Өзендер, көлдер бассейні | Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (теңге/1000 текше метр) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) | Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 текше метр) |
Гидроэнергетика (теңге/ | Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні |
|
|
|
|
|
|
Ертіс өзені бассейні |
|
|
|
|
|
|