"Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 364 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 252 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және ақпарат ұсыну қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган интеграцияланған цифрлық жүйе арқылы республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қалыптастырады.";

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 4 маусымдағы
№ 364 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік қаржы
статистикасы бойынша есепті
жасау, уәкілетті мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимылы
және ақпарат ұсыну
қағидаларына
18-қосымша

Республикалық бюджеттің шығыстарын жергілікті бюджеттердің кірістерімен шоғырландыру

      Индекс: КРД-1

      Өлшем бірлігі: миллиард теңге


2014 жылғы мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі нұсқаулық коды

Санаты

Атауы

сомасы


Сыныбы


Кіші сыныбы


Ерекшелігі

Республикалық бюджеттің шығыстары




331

Субвенциялар






339

Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы трансферттер






441

Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері






511

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер






512

Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер



Жергілікті бюджет кірістері

4

02

1

01

Ағымдағы нысаналы трансферттер



4

02

1

02

Нысаналы даму трансферттері



4

02

1

03

Субвенциялар



4

02

1

05

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге республикалық бюджеттен субвенциялар



4

02

1

06

Республикалық бюджеттен қорғанысқа арналған субвенциялар



4

02

1

07

Республикалық бюджеттен қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне субвенциялар



4

02

1

08

Республикалық бюджеттен білім алуға арналған субвенциялар



4

02

1

09

Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға арналған субвенциялар



4

02

1

10

Республикалық бюджеттен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған субвенциялар



4

02

1

11

Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа субвенциялар



4

02

1

12

Республикалық бюджеттен мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке субвенциялар



4

02

1

13

Отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға арналған республикалық бюджеттен субвенциялар



4

02

1

14

Республикалық бюджеттен ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына субвенциялар



4

02

1

15

Өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне республикалық бюджеттен субвенциялар



4

02

1

16

Республикалық бюджеттен Көлік және коммуникацияға арналған субвенциялар



4

02

1

17

Республикалық бюджеттен өзге шығыстарға арналған субвенциялар



7

01

2

02

Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады