Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 1134 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2032 жылдың 10 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
