Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сенім" отбасыны қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қарғалы ауданының жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен және шарттарда лауазымдық айлықақыларына 25 (жиырма бес) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Аманжолов |
