Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 277 "Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20396 тіркелген)" - деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |
