Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № А-2/111 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданыныңм әкімі С. Құдабай

  Сандықтау ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "5" маусым
  № А-2/111 қаулысына
  қосымша

Сандықтау ауданы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-2/42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тіркелген).

      2. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-2/42 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № А-6/144 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген).

      3. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-2/42 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8258 болып тіркелген).

      4. Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-2/42 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 8 қарашадағы № А-11/282 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30610 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады