"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4874 тіркелген) қаулысы;
2) "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № а-11/158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25180 тіркелген) қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысы К.О. Смыкқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл ауданының әкімі | Ю. Курушин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы
__________________ С. Жаңабаев
2026 жылғы "____" __________
КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы
"Егіндікөл аудандық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
__________________ Ә. Қияқбаева
2026 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысы Білім
басқармасының Егіндікөл ауданы
бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін ақарушы
__________________ Е. Криксина
2026 жылғы "____" __________
| Егіндікөл ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы | |
| № _______ қаулысына | |
| 1-қосымша |
Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
р/с № | Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1 | Абай ауылы, Дружба көшесі 4, "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
2 | Полтавское ауылы, Центральная көшесі 16, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
3 | Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
4 | Бауман ауылы, Школьная көшесі 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
5 | Буревестник ауылы, Орталық көшесі 1, "Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
6 | Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 10, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
7 | Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі 15, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
8 | Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 11, "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
9 | Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жұлдыз медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд |
10 | Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 18, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
11 | Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 3, "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
12 | Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі 33, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәдени-демалыс орталығы ғимаратының жанындағы стенд |
13 | Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 40, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
| Егіндікөл ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы | |
| № _______ қаулысына | |
| 2-қосымша |
Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар
р/с № | Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1 | Абай ауылы, Дружба көшесі 4, "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кабинеті |
2 | Полтавское ауылы, Центральная көшесі 16, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
3 | Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 5 кабинеті |
4 | Бауман ауылы, Школьная көшесі 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы |
5 | Буревестник ауылы, Орталық көшесі 1, "Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кабинеті |
6 | Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 10, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы |
7 | Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 11, "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кабинеті |
8 | Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жұлдыз медициналық пунктінің № 2 кабинеті |
9 | Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 18, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті |
10 | Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 8, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті |
11 | Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі 33, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәдени-демалыс орталығының залы |
12 | Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 40, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің № 4 кабинеті |