Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № С 52-7 "2026-2028 жылдарға арналған Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 85 594,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 927,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 77 667,4 мың теңге;
2) шығындар – 87 996,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -2 402,0 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2 402,0 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
келесі мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Еңбек ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.";
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы шешiм 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | С. Абаханов |
| Ақкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 мамырдағы № С 59-4 шешіміне 1-қосымша |
|
| Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № С 52-7 шешіміне 1-қосымша |
2026 жылға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сома мың теңге | ||||
Сыныбы | |||||
Кіші сыныбы | |||||
Атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
I. КІРІСТЕР | 85 594,4 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 7 927,00 | |||
01 | Табыс салығы | 2 909,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 2 909,0 | |||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 4 908,00 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 112,0 | |||
4 | Көлiк құралы салығы | 4 796,0 | |||
05 | Тауарларға жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салыктар | 110,0 | |||
3 | Табиғи және баска да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 110,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 77 667,4 | |||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 77 667,4 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 77 667,4 | |||
Функционалдық топ | Сома мың теңге | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
II. Шығындар | 87 996,4 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер | 28 034,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 28 034,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 27 796,0 | |||
022 | Мемлекеттік органын күрделі шығыстары | 238,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 56 962,4 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 56 962,4 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 9 705,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 2 500,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 1 500,0 | |||
014 | Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 43 257,4 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 3 000,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 000,0 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 3 000,0 | |||
III. Таза бюджеттiк кредит беру | 0,0 | ||||
IV. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо | 0,0 | ||||
V. Бюджеттің тапшылығы (профициті) | -2 402,0 | ||||
VI. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 2 402,0 | ||||
| Ақкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 мамырдағы № С 59-4 шешіміне 2-қосымша |
|
| Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № С 52-7 шешіміне 4-қосымша |
2026 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ бюджеттерiне нысаналы трансферттер
Атауы | Сома мың теңге |
1 | 2 |
Барлығы | 42 557,4 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер | 42 557,4 |
оның iшiнде: | |
Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің | 42 557,4 |
Сумен жабдықтау объектілерінің қоршауларын орнатуға | 42 557,4 |
