Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № А-3/57 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданының, Жалғызқарағай ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 1532,6 гектар жер учаскесін "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2028 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.

      3. "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      4. "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      5. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы __ __________
№________ қаулысына
1 қосымша

"ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№ р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

"KazBeef Ltd" ЖШС

01-001-020-058

1049,9

1049,9


2

Тилеухан Сайрат

01-001-020-064

228,2

228,2


3

"Qazaq Agro 2021" ЖШС

01-001-020-027

138,0

138,0


4

Босалқы жерлер


116,5

116,5



Жиыны


1532,6

1532,6



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады