Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2025 жылғы 24 қаңтардағы № KZ31VBG01706196 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Казахтелеком" акционерлік қоғамына Көкшетау қаласы, Бірлік шағын ауданы, мектеп ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, талшықты-оптиқалық желілерін төсеу және пайдалану үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,1154 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 4 009 (төрт мың тоғыз) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "Казахтелеком" акционерлік қоғамы жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |
