Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 356 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 349/24 шешiмi

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан болысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 356 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес, көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      "Киров ауылдық округі" бағанында "Восточное ауылы", "Мирный ауылы", "Трудовой ауылы" деген жолдар алынып тасталсын;

      "Краснополян ауылдық округі" бағанында "Глубокий ауылы" жолы алынып тасталсын;

      "Рощинск ауылдық округі" бағанында "Комсомольский ауылы" жолы алынып тасталсын;

      "Чермошнян ауылдық округі" бағанында "Теңіз ауылы" жолы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы С. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2025 жылғы 20 маусымдағы
  № 349/24 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 16 сәуірдегі
  № 356 шешіміне
  2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы бағалау аймақтарының шекаралары

Аймақтың №

Аймақ шекараларының сипаттамасы

1

Тайынша қаласы жерінің солтүстік–шығыс бөлігін алады. Аймақтың шекарасы солтүстік және шығыс жағынан елді мекеннің шекарасы бойынша темір жолдан бөлінген жолақтан батыс жағынан басталады. Қаланың шекарасы болып саналатын, Шағалалы өзенінің арнасы бойынша оңтүстік-шығыс жағынан аймақтың шекарасы өтеді. Аймақтың онтүстік-батыс бөлігінде Строительный бұрылысына қарама-қарсы, Шағалалы өзенінің солтүстік-батысына ауа отырып – көшелер бойынша, Абай көшесімен қиылысқанға дейін Строительный бұрылысы бойынша өтеді, Мағжан Жұмабаев көшесімен қиылысқанға дейін, Абай көшесі бойынша батыс-шығыс жағына жалғасады, Дистанционная көшесімен қиылысқанға дейін Мағжан Жұмабаев көшесі бойынша шекара өтеді, темір жолдарға дейін НҚП оңтүстік жағынан көшенің бұрылысына дейін өтеді, оларды кесіп өтеді және темір жолдың (қоса) бөлінген жолағының батыс жағынан елді мекеннің шекарасында тұйықталады.

2

Тайынша қаласы жерінің оңтүстік-шығыс бөлігін алады. Аймақтың шекаралары НҚП оңтүстік бөлігінің ауданында бөлінген жолақтармен қиылысады, темір жолдың бөлінген жолақтарының батыс жағы бойынша солтүстік-батыс жағынан аймақтың шекарасы басталады, Дистанционная көшесіне дейін НҚП оңтүстік шекарасы бойымен өтеді. Бұдан әрі аймақтың солтүстік-шығыс шекарасы Дистанционная көшесі бойынша солтүстік-шығыс бағытында Мағжан Жұмабаев көшесінің қиылысына дейін, Мағжан Жұмабаев көшесі бойынша оңтүстік-батыс бағытында Абай көшесінің қиылысына дейін, Строительный бұрылысының қиылысуына дейін Абай көшесі бойынша жалғасады, жайылымды тікелей қиып өте отырып, Строительный бұрылысы бойынша өтеді, Шағалалы өзенінің қиылысына дейін жетеді. Шағалалы өзенінің арнасы бойынша аймақтың оңтүстік-шығыс шекарасы өтеді (қала шекарасы болып саналатын), бағалау аймақтың оңтүстік-батыс жағы қаланың шекарасы болып белгіленді.

3

Тайынша қаласы жерінің батыс бөлігін алады. Батыс және солтүстік жағынан елді мекеннің шекарасы бойынша темір жолдың бөлінген жолағынан оңтүстік жақтан басталады. Елді мекеннің шекарасында тұйықталып, бөлінген темір жолдың батыс шекарасы бойынша бағалау аймақтың шекарасы солтүстік-шығыс бөлігінде жалғасады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады