Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағына, 43, 67, 69 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 37-бабына, сәйкес 2025 жылғы 27 қантардағы № ЖТ-2025-00258695 "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берілген өтініші, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылдық округі, Бескөл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0148 га 49 жылға қоғамдық сервитутты орнату.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бескөл ауылдық округінің әкімі | Г. Кәрімова |
