Баянауыл ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 170/09 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне" сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданының 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

      2) осы қаулыны Баянауыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. Дисюповаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі А. Ксентаев

  Баянауыл ауданы әкімінің
2025 жылғы "19" қыркүйек
№ 170/09 қаулысына
қосымша

Баянауыл ауданы бойынша 2025 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Атауы

Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф,
теңге

Айына бір қызмет алушыға арналған тариф,
теңге

1

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

2681.82

55647.94


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады