Көше атауын беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 105 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің А.Бекенжанов және М.Елубаев көшелерінің қиылысу аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Сембай Көптілеуовтің, А.Бекенжанов және С.Тұмышов көшелерінің қиылысу аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Маху Абдуллаевтың, І квартал аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Орынжан Өмірзақовтың аты берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады