Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 126 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Горнодобывающая компания ХонДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған 2025 жылғы 19 маусымдағы № 3384-EL лицензия негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Горнодобывающая компания ХонДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2031 жылдың маусым айының 19-на дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Горнодобывающая компания ХонДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерінде жерге залал келтіретін жұмыстар жүргізу туындаған жағдайда меншiк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт жасасу міндеттелсін.

      3. "Горнодобывающая компания ХонДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Самитов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 126 қаулысына қосымша

"Горнодобывающая компания ХонДа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер пайдаланушылардың
(меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскелерінің көлемі,
гектар

1

"Жания" шаруа қожалығы

10-149-040-613

676,76

2

"Тұрсынбек" шаруа қожалығы

10-149-040-2500

1200,0

3

"Жерұйық" шаруа қожалығы

10-149-040-2290

500,0

4

"Ақсеңгір" шаруа қожалығы

10-149-040-3432

18822,46


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады