Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысы әкімінің м.а. | А. Ыдырысов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі
Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Ұлытау облысы бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті"
мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
| Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "10" қазандағы № 81/02 қаулысына 1-қосымша |
Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
1 | Кеңгір су қоймасы | Жезқазған қаласы | 135-500 | 100 |
2 | Айнакөл су айдыны | Сәтбаев қаласы | 500 | 35 |
3 | Қылыш су қоймасы | Қаражал қаласы | 500 | 35-50 |
4 | Ақтасты су қоймасы | Жаңаарқа ауданы | 500 | 100 |
5 | Бидайық су қоймасы | Жаңаарқа ауданы | 500 | 35-100 |
6 | Ақтасты өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 55-100 |
7 | Жақсысарысу өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 35-50 |
8 | Жамансарысу өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 35-50 |
9 | Атасу өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 100 |
10 | Талдыманақа өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 50 |
11 | Тереңбұтақ өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 50 |
12 | Құдайменді өзені | Жаңаарқа ауданы | 500 | 35-75 |
13 | Ақылбай өзенінің учаскесі | Жаңаарқа ауданы | 500-800 | 50 |
14 | Байыр өзенінің учаскесі | Жаңаарқа ауданы | 500 | 50 |
15 | Көкпекті өзенінің учаскесі | Жаңаарқа ауданын | 500 | 35-50 |
16 | Жезді су қоймасы | Ұлытау ауданы | 500 | 100 |
17 | Барақкөл көлі | Ұлытау ауданы | 500 | 100 |
18 | Көпкөл көлі | Ұлытау ауданы | 500 | 100 |
19 | Ащымайыр өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 35-36 |
20 | Каракеңгір өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 35-100 |
21 | Жезді өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 75-100 |
22 | Сарысу өзені | Ұлытау ауданы | 1000 | 35-100 |
23 | Шағырлыжиленшек өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 35-36 |
24 | Дулығалыжиленшек өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 35-36 |
25 | Жыланды өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 50-100 |
26 | Қарғалы өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 50 |
27 | Сарыкеңгір өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 50 |
28 | Сарыторғай өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 50 |
29 | Қумола өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 50 |
30 | Байқоңыр өзені | Ұлытау ауданы | 500 | 75-100 |
31 | Байкоңыр өзенінің учаскесі | Ұлытау ауданы | 500 | 35 |
32 | Жиделісай өзенінің учаскесі | Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округі | 500 | 35 |
33 | Көкдомбақ өзенінің учаскесі | Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым | 500 | 35 |
34 | Жиделісай өзенінің учаскесі | Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым | 500 | 35 |
Ескерту: су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамаларының картографиялық материалдарында көрсетілген.
| Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "10" қазандағы № 81/02 қаулысына 2-қосымша |
Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы қосымшаның 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
4. Орналастырылуы осы қосымшаның ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.
