"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 762 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларында:

      177-тармақтың үшінші бөлігінің 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда шот-фактураның, хабарлама шотының, шоттың, актінің немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында қарастырылған өзге құжаттың;";

      236-тармақтың 20)-тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында төлемнің мақсаты, растайтын құжаттың атауы, нөмірі мен күні (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акті) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге негіз болған Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзге де құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттың күні төлем шотын қалыптастыру күнінен кеш болмауы тиіс.";

      249-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактура жазылмайтын жағдайларды қоспағанда, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттың талаптары бойынша төлем жүргізу кезінде растаушы құжат "Электрондық шот-фактура" ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған және мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық шот-фактура немесе Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзге құжаттың сканерленген түпнұсқасы болып табылады.";

      253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "253. Мемлекеттік мекеме осы Қағидалардың 244-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не мемлекеттік қазынашылық органында тіркелуді талап етпейтін шығыстардын бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізу үшін төлеуге берілетін шотты және:

      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактура немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде – актілер жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзге де құжатты;

      қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінімді;

      әр беті орталық атқарушы орган аппараты басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган аппараты басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе оған уәкілеттік берілген адамның қолымен, ал ондайлар болмаған жағдайларда ‒ мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген сот актісінің көшірмесін;

      инкассалық өкімді;

      осы Қағидаларға 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды ұлттық валютада жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді негіздеме етіп ұсынады.

      Жасалған шарттарды тіркеу талап етілмейтін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем жүргізу кезінде "Электрондық шот-фактура" ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған және мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық шот-фактура немесе Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзге де құжаттың сканерленген түпнұсқасы растаушы құжат болып табылады.

      Сатып алынуы бірнеше шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша жіктелетін шарт жасамай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірнеше түрлеріне бір құжатты ресімдеген жағдайда төлеуге берілетін шотты жасау әрбір шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша жүзеге асырылады.

      Шарт жасаусыз негізінде мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын құжатта мынадай ақпараттың болуы міндетті:

      атына құжат ресімделген мемлекеттік мекеменің атауы (мемлекеттік қазынашылық органдары және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);

      ақша алушының, оның ішінде алушы банктің деректемелері;

      ағымдағы қаржы жылында жүзеге асырылуы тиіс ресімдеу күні (күн, ай, ағымдағы қаржы жылы);

      тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы, саны мен (қосылған құн салығының сомасын не қосылған құн салығының болмауын міндетті түрде көрсете отырып) сомасы;

      ақша алушының қолы мен мөр бедерінің болуы (ол болған жағдайда).".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады